astana-view

ТЖ кезеңінде құс етінен өнімін өндіруге қажетті шикізат, жабдық, қосалқы заттар мен басқа тауарларды әкелу және дайын өнімді экспорттау сақтала ма?

2020-05-05

ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы  Жарлығының талаптарын ескере отырып, өнімнің импорттық-экспорттық операциялары тоқтаған жоқ, қосымша ретінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді.

 Мемлекеттік шекарада жүк тасымалдауға болатын автомобиль өткізу пунктерінің саны қысқарды (Толық тізім ҚР ҰҚК сайтында http://knb.gov.kz/ru/news/o-vremennom-zakrytii-avtomobilnykh-punktov-propuska-na-otdelnykh-uchastkakh-gosudarstvennoy).

ҚР шекарасында қалыпты жұмысты келесі бекеттер жүргізуде:

Осы ретте елге азық-түлік өнімдерін әкелу бойынша бизнесті қолдау мақсатында «жасыл дәліз» құрылды, кедендік кедергілер, тексерулер мен шығындарды бақылау алынып тасталды.

 Азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған:

2020 жылдың 22 наурызынан бастап Қазақстаннан үшінші елдерге жекелеген азық-түлік өнімдерін шығаруға тыйым салынған (қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, шалған, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс дәні, күнбағыс майы). ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық кедендік бақылауды күшейтті, олардың экспортына «АСТАНА-1» АЖ электронды декларациялау жүйесінде бұғат қойылды.


Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер