astana-view

Ақ мешіт

Атырау облысы

Аңыз бойынша XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл жерде Бекет-Ата өмір сүрген.

Атырау облысының Құлсары кенті аймағында дүниеге келген ол 14 жасында өзі құрмет тұтатын данышпан Шопан атаның басына барып, бата алғысы келеді. Үшінші түні Шопан-Атадан белгі түсіп, Бекет-Ата шалғайдағы Хиуаға білім іздеп кетеді. Медреседен ілім жиған ол 40 жасында сопылық жолға түсіп, балаларды діни сауаттылыққа үйрете бастайды. Ол 4 мешіт тұрғызған. Біріншісі, Құлсарыдағы Ақ мешіт, екіншісі – Бейнеуден 20  шақырым жерде тұрғызылған. Үшіншісі – Байшатыр мекеніндегі Үстіртте, төртіншісі – Оғланды жеріндегі ақ бор тасты тау шатқалының етегінде орналасқан жерасты мешіті. Жеті бөлмесі бар мешіттің акустикасы керемет. Бекет-Ата осы мешіттің жанында жерленген.

Пір Бекет жерленген жер – қасиетті, тарихи, ахитектуралық ескерткіш.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер