Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Алмасай

Шығыс Қазақстан облысы

Ерте – ерте ертеде, қазіргі  Өскеменге жақын маңда, Қалба жоталарын шопандар мен малшылар мекендепті. Үйір -үйір жылқылар мен отар – отар қойлардың иесі Сарықұл деген бай екен.

Әр үйірдің өз айғыры үйірге иелік етеді. Сарықұлдың жылқыларына мықты айғыр – Сарыала айғыр ие болды. Сарыала айғыр табынды қасқырдан қорғап, биелердің басқа жаққа қаңғып кетуіне жол бермейді. Сол жылдары мал баққан қазақ үшін ең қауіпті қасқыр емес, ел басына туған жұт еді. Жұт жылдары мал қырылып, азықтың жоқтығынан шопандар ағаштардың қабығы мен бұта қарағанның бастарын көктемге дейін малға азық қып берулеріне тура келді. Жайылымдықты мұз құрсаулап, мал тебіндеп жайыла алмай көтеремге ұшырады. Осындай кезде тәжірибелі малшылар табын жетекшілерінің түйсігіне сенеді екен.

Үйір басқарып жүрген кәнігі айғырлар қыстың қалай боларын алдын ала сезіп, үйірін қыстан жеңіл шығатын аймаққа жетелейді екен. Осы жұт жылы да солай болды. Табын иесі Сарықұл өз үйірінің жетекшісі – Сарыала айғырға сенім артуды жөн көрді. Айғыр да келе жатқан жұтты сезгендей жайылымдық іздеп алқаптарды аралап кетті. Ол іздегенін тапқандай болып, үйірін ертіп кетті. Сарықұл да өз адамдарымен жылқылардың соңынан ерді. Сарыала айғыр таңдаған алқап - Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданының жері еді. Сөйтіп ауыл Алмасай шатқалына қоныстанды. Сарыала айғырдың түйсігі алдамапты. Мал жұттан аман шығып, шағын Сарыөзек өзенінің бойындағы алқапта Алмасай ауылының іргесі қаланған екен.

Серіктестер