astana-view

Алып әйелдің ұршығы

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай тауының солтүстіктегі һәм Қалба тауының оңтүстік бөктерлерінің арасында Сарыдала деген жер бар. Бұл даланың ортасында жападан-жалғыз недәуір биік тау тұрады. Сол таудың басында ұйма-жұйма болып жатқан тастарды көресіз. Тастар осы арада зікір салған баяғы шамандар  заманынан қалған екен. Ал жалғыз таудың пайда болуы жөнінде мынадай аңыз айтылады.

Бұрынғы заманда бір алып әйел Тарбағатай тауында ешкі бағып жүріпті. Өзі ешкілерінің жүнінен жіп иіреді екен. Әйелдің зор болғаны сонша, Тарбағатайда отырғанда мұның аяғы Кіші Тарбағатайда жататын көрінеді.

Күндердің бір күні бұл алып әйел ешкілерін бағып, жіп иіріп отырса, мұның ешкілеріне қасқыр шауыпты. Әйел ызаланып ұршығын қасқырға лақтырғанда, ұршығы барып Сарыдаланың ортасына түсіп, сол арада тау болып қалыпты дейді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер