Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Тектұрмас кесенесі

Жамбыл облысы

Тараз шаһарының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан кесененің бастау тарихы ХІV ғасырға тиесілі. Өкінішке орай, кесененің алғашқы сәулетшісі жайлы деректер бізге беймәлім. Дегенмен, киелі жердің «Тектұрмас» аталуына байланысты бірнеше деректер кездеседі. Соның бірі ретінде филолог-ғалым Жанғара Дәдебаев Тектұрмас бабаның азан шақырып қойған аты Сұлтан Махмұт екендігін айтады. Оны өз дәуірінде хан сарайындағы бек қызметіне ұсынғанда, бас тартқан. Бектіктен бас тартқан соң, халық оны «Тектұрмас» деп атап кетеді. Сұлтан Махмұт көп ұзамай дін жолына түсіп, әулие атанады. Оның әулиелігіне көзі жеткен халық мазарының басына келіп, шырақ жағып, құрбандық шалып, тілек тілеген. Тұлғаны ХІV ғасырда құрылған Моғолстанның ханы деп көрсететін деректер де кездеседі.

Баба кесенесі маңындағы құпиялар тылсым дүниелерге толы. Мұндағы үңгірге 1979 жылы 5-6 зерттеуші кіріп, тең жартысы сол жерде қайтыс болған екен. Кейінірек кейбір кісілерге үңгір ішінен түйенің боздағаны, сәбилердің жылаған, қарттардың ыңырсыған дауыстары естілетін болған. Дін саласындағы ғалымдарымыз да бұл құбылысты жоққа шығармады. Қазір үңгір жайлы сұрап, қызығушылық танытатындар өте көп. Келушілер саны күні-түні толастар емес.

 

Серіктестер