astana-view

«Қазақстандықты ғана сатып алайық»

2015 жылғы 12 Ақпан
- Жамбыл облысы
10676 просмотров

- Қазақстан түрлі қиын замандарды бастан өткерген, бүгінде біз елдегі экономикалық ахуалға әсерін тигізуші сыртқы факторларды да сезініп жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұндай қиындықтарды жеңудің аса зор тәжірибесіне, бастысы, дұрыс стратегия мен тактикаға ие. Экономикалық саясат мәселелері жөніндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Президенті жуық уақыттағы еліміздің дамуындағы негізгі бағыттарды жариялады. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыру қажет екенін ерекше басып айтты. Және де Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл бағыттағы жұмысты бастап та кетті. ҚР Үкіметі ҚР ҰКП-мен бірлесе отырып 2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарын дайындады. Оған енгізілген іс-шаралардың көп бөлігі қазақстандық кәсіпорындарды тікелей қолдауға бағытталған. Сондай-ақ ҚР ҰКП отандық өндірушілердің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар сатып алуларына қатысуын кеңейту бойынша шаралар дайындады. Сонымен қатар, ҰКП-да экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға жауап қату жөніндегі Жедел штаб құрылды. Штаб мақсаты ағымдағы экономикалық жағдайда түйткілдер жайлы бизнес дабылдарына жауап қату, Үкімет пен уәкілетті органдарға жедел ақпарат беру, бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын жасап шығу болып табылады.

Кәсіпкерлер Президенттің «Қазақстанда жасалған» науқанын іске қосу және сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секциясының пайда болуын қамтамасыз ету жайлы тапсырмасын ерекше жігермен қабылдады. Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызы зор. Кәсіпкерлерді де, тұрғындарды да осыған шақырғымыз келеді. Өз еліңіздің патриоты болыңыз және тек қазақстандықты сатып алыңыз.

Асан Қошмамбетов,

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры


Еншілес ұйымдар

Серіктестер