astana-view

«Бір терезе» алматылықтарға келіп жетті

2015 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
10842 просмотров

Мегаполисте бүгін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іске қосылды. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев алматылық бизнесмендермен бірге орталықтың жұмысын бақылады.

Ашылу рәсімі айтарлықтай салтанатпен өтті. Тимур Құлыбаев құрметті қонақ ретінде қызыл жолақты қиып, Орталықта ұсынылатын қызмет сапасына алғаш боп баға берді. Төралқа Төрағасы қызметкерлерге сауалдар қойып, олардың бизнесмендерді қабылдауға даярлықтарын тексерді.

"Алматы ерекше қала. Мұнда кәсіпкерлер де көбірек шоғырланған. Барлық қызметтерді осында ұсыну қажет. Қызмет көрсету орталығының бар аумағы осы ма?" – деп нақтылады Тимур Құлыбаев ғимаратты қарау барысында.  

"Иә, бұл жер 200 шаршы метр болады. Осы жерде оқыту бөлмелерін ашуды жоспарлап отырмыз. Сонда тағы 100 шаршы метр қосылады. Біздің мамандар жауапкершілікке алатын нақты жұмыс сол кезде басталады", - деп хабарлады Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенёв.

ҰКП Төралқа Басшысы мемлекеттік қызметтер тізбесіне ғана емес, Орталықтың кеңею жағына да қызығушылық танытты. Жыл соңына дейін мегаполистің барлық сегіз ауданында осындай Орталықтарды іске қосу жоспарланып отыр. Бизнесмендер Орталыққа ашылып жатқан күні де келіп, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыстың аса ыңғайлылығын айтысты.

"Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетеді деген ойдамын. Қазір Алматы қаласы Медеу ауданы КҚО қызметкерлерімен бірге бизнес-жоспар дайындап жатырмыз. Кәсіпорным үшін жабдық таңдау жағынан қиындық туындауда, ал Орталықтың табуға, ақпарат ұсынуға, мен үшін пайдалы баға таңдап беруге мүмкіндігі бар. Балама нұсқа ұсынады. Бір жағымды тұс, осы қызметтердің барлығы тегін беріледі. Мен тек бастапқы деректерді беріп тұрмын, ал орталық қызметкерлері барлық сметаны дайындауда. Осы жерден бірден банкке барамын", - деп мәлімдеді кәсіпкер Әділ Мәсілов.

Бизнес-жоспарды дайындауға 10 күн ғана кетеді. Алматы қаласы Медеу ауданы КҚО директоры Гүлжан Қасымбектің журналистерге берген деректеріне орай, бизнесмендерге «бір терезеден» 14 қызмет ұсынылады. Бұл заңгерлік қызметтер, бизнес-жоспар дайындау, мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялар, менеджмент бойынша қызметтер, тауардың шыққан жері туралы сертификат алу және басқа да көптеген мәселелер. Мұндай Орталықтарда кәсіпкерлер үшін «Бизнес кеңесші» және «Бизнес өсім» сияқты білім беру курстары да көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер