astana-view

Парниктік газға квота сатып ал

2015 жылғы 14 Мамыр
12531 просмотров

Бұл туралы «Жасыл Даму» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Цой «Парниктік газдар шығарындыларына квота сату жүйесін тәжірибелік қолдану және экологиялық менеджмент механизмдері» Carbon-KZ   Екінші Халықаралық Форумының ашылуында хабарлады. («Жасыл даму» АҚ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен парниктік шығарындыларға квота қорын бөлу және басқару жөніндегі уәкілетті ұйым болып табылады) 

«Сертификаттарды әлі де алмаған кәсіпорындар бар. Бұл заңды білмеуден, не болмаса аталмыш жүйеге назар аудармау себебінен деп есептейміз», - деп атады Сергей Цой. 

«Алайда жақын арада тамыз-қыркүйек айларында Экологиялық реттеу комитетінің тексерістері басталады, және де парниктік газдар шығарындылары ресми түрде чек-параққа қосылған, бақылаушылар ол бойынша компания жұмысын бағалайтын болады. Сәйкесінше, біз бірқатар талқылаулар мен айыппұл шаралары бастамаланады деп күтіп отырмыз. Биыл бұл 5 АЕК – яғни парниктік газдың артық шығарындысының бір тоннасы үшін 40 еуро», - дейді Сергей Цой.

Сергей Цой келтірген деректерге сүйенсек, 2014 жылы «Каспий» мамандандырылған биржасында жалпы сомасы 182 миллионнан астам теңгеге парниктік газ шығарындыларына квота сатып алу бойынша 35 мәміле жасалған.

«Жиырмадан астам компания қатысты, ал бір квота үшін орташа баға шамамен 301 теңге болды», - деді ол.

2015 жылы 11 компанияның қатысуымен жалпы сомасы 354 миллион теңгеге осындай 15 мәміле жасалған. Кәсіпорындар 174 мың тонна парниктік газдың шығарылуына құқық алған. Сонымен қатар, 158 кәсіпорын жылына 305 миллион ортақ көлемдегі сертификаттар алған.

Сергей Цойдың айтуынша, сонымен бірге «заңнамада сәйкес норма бар болғандықтан, Қазақстанда қосымша парниктік квоталар беру жалғасуда».

«2014 жыл ішінде 12-13 миллион тонна шығарындыға қосымша тегін квота берілген. Жалпы сауда үшін мұның айтарлықтай салмақты түйткіл екенін түсінеміз», - деп түйіндеді сөзін Сергей Цой.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер