astana-view

«Өнеркәсіпмашкешені»: төлем мәселесі шешілді

2015 жылғы 26 Мамыр
- Павлодар облысы
19874 просмотров

Павлодар облысы Өңірлік кеңесінің «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырысы барысында айтылған түйткілді мәселенің бірі ұлттық компания тарапынан ұзақ мерзімдік шарт міндеттемелерін орындау мерзімін бұзу болып табылады.

Қазірде облыстағы бірқатар өңірлік кәсіпорындар «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жасауға тиіс төлемдерден түйткілге ұшырап отыр. Солардың бірі – «Өнеркәсіпмашкешені» ЖШС.

«ҚТЖ» ҰК АҚ және «Қазтеміртранс» АҚ арада жасалған ұзақ мерзімдік шарттарға сәйкес кәсіпорын өніміне өтінімдер алынған. Алайда, компанияға бүгінгі күнге дейін  шартта белгіленген 1,6 млрд теңге көлеміндегі алдын ала төлем жасалмаған.

Аталмыш мәселе ҚР ҰКП басшылығы деңгейінде көтерілді. Бүгінде «Өнеркәсіпмашкешені» ЖШС-ға төлемнің 1,2 млрд теңге көлеміндегі негізгі бөлігін төледі. Қарыздың қалған бөлігін (400 млн. теңге) «ҚТЖ» ҰК АҚ таяу арада жабуды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер