astana-view

Мемлекеттік сатып алулар мониторингі бойынша бірыңғай оператор

2015 жылғы 01 Маусым
13266 просмотров

Мемлекет басшысы сонау 2012 жылы тауарлар мен қызметтерге деген бағалардың біртұтас ақпараттық жүйесі бар мемлекеттік сатып алулар бірыңғай операторын құру мәселесін пысықтауды тапсырғаны белгілі.

Мұндай портал құру туралы шешімді сол жылы наурыз айында «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, қазіргі – «Атамекен» ҚР ҰКП қабылдаған болатын.

Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың айтуынша, портал үшін инвестициялар және даму жөніндегі министрлік, қаржы, энергетика министрліктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ негізгі көз болып табылады.

«Нарық мониторингі және сараптау орталығы» ақпараттық порталының қазірде жүзеге асырылған функционалы қазақстандық бизнесті қолдау үшін бірыңғай портал міндеттеріне қол жеткізуге қажет барлық құралдар мен техникалық мүмкіндіктерге ие», - деп атады ҰКП басшысының орынбасары.  

Оның айтуынша, аталмыш порталдың негізгі мақсаты жоспарланған және өткізілген сатып алулар туралы ақпаратты шоғырландыру арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау, нарық қажеттілігіне жан-жақты талдау жүргізу, тауар өндірушілерге өздері өндіретін тауарлары туралы ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық ұсыныстарын орналастыру мүмкіндігін ұсыну.

Рустам Жүрсінов түсіндіріп кеткендей, «Атамекен» ҰКП Нарық мониторингі және сараптау орталығы 5 ақпараттық базадан тұрады (ҚР Қаржы министрлігі Электронды коммерция орталығы, ҚР ҚМ МТД Кедендік базасы, NADLoC тау-кен өнеркәсібі базасы, СПОН- мұнай-газ базасы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰАҚ АҚ).

Барлық базаларды бірге алғанда Қазақстан нарығындағы тауарлар мен қызметтерді сатып алудың (айналым) 80 пайыздан астамы жайлы ақпараттан тұрады.

Алайда түйткіл базалардың өзара интеграцияланбағандығында, айтарлықтай жоғары қателіктерге ие болуында, ал алынған деректерді жүйелік өңдеу жүзеге асырылмайды деуге де болады. Осының барлығы олардың негізінде сапалы талдамалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.

«Нарық мониторингі және сараптау орталығы» ақпараттық-талдамалық жүйесі аталған жүйелер үстіндегі «қондырма» түрінде берілген және олардың негізінде түрлі нарықтар, жеткізушілер мен сатып алушыларда тауарлар мен қызметтерді сатып алулар мониторингі бойынша міндеттерді тиімді түрде шешуге қабілетті, - деп түсіндірді Рустам Жүрсінов. - Нарық мониторингі және сараптау орталығының аталмыш жүйелермен интеграциясы базалардағы қателіктерді айтарлықтай төмендетуге, тауарлар мен қызметтерді сатып алудың ашықтығын көтеруге және сатып алулардың дайындалатын талдамасының дәйектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер