astana-view

Бизнес ашудағы көмек

2015 жылғы 04 Маусым
- Ақмола облысы
15682 просмотров

Ақмола облысында кәсіпкерге қолдау көрсетілді

Ақмола облысы Жақсын ауданындағы «Золотая нива» ЖШС басшысы Бағдат Әубәкіров еттен жасалған жартылай фабрикаттар шығару бойынша жеке өндірісті іске қосуға бел буды. Қажет қаражат қолда барда осында кәсіпорын ашу қиын емес сияқты көрінеді.

Алайда кәсіпкер жобаны жүзеге асыру сатысында бірқатар мәселелерге тап болады. Бұл өткізу нарығын қамтамасыз ету, өнімнің қажет көлемін шығару, және де – технология алудан бастап жабдықты сатып алуға дейінгі өндірісті ұйымдастыру. Осы жерде бизнесменге Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Жақсын филиалының сарапшылары көмекке келді.
«Біздің компания тұшпара жасайтын цех ашуға шешім қабылдады. Бізде мұндай өндіріс ашуда тәжірибе жоқ. Оның үстіне басқа білім де керек. Бұл бизнес-жоспар құру, өткізу нарығын талдау. Сондықтан да көмек сұрап жүгіндік. Қазір бізбен бірге Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жұмыс жасап жатыр», - дейді Бағдат Әубәкіров.

Филиал сарапшылары тәжірибе алмасу үшін, Сандықтау ауданында әрекет жасап тұрған осыған ұқсас өндіріс орнына баруды ұйымдастырды. Кездесу барысында жабдықты іріктеп алу бойынша консультация да берілді. Осының негізінде фарш араластырғыш, қамыр илегіш, картоп аршығыш сияқты агрегаттарды сатып алуға және жеткізуге тапсырыс жасалып қойды.

Палата сарапшылары орама дизайнын таңдау және өндіріске ғимарат таңдап алу (коммуникацияларға қолжетімді) сияқты міндеттерді орындауды өзіне алды. Кәсіпкерлер палатасының Жақсын филиалы жобаны толығымен сүйемелдеп, өнімді өткізу нарығын дайындай береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер