astana-view

Бизнесмендерге «өтімсіз затты» сатып алу ұсынылуда

2015 жылғы 05 Маусым
9889 просмотров

Технопарктер мен конструкторлық бюролар сатуға қойылды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек, 2015 жылғы 4 маусымда «Бәйтерек» ҰБХ-ға тиесілі бірқатар технопарктер мен конструкторлық бюролар сатуға қойылды.

Олардың қатарында «Технопарк Сары-Арқа» ЖШС, Шығыс-Қазақстан Өңірлік «Алтай» технопаркі,  «Алгоритм» технопаркі, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті технопаркі және Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы бар.

Сату туралы ақпаратпен мына жерде танысуға болады

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасына «2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары» жекешелендіру нысандары тізбесіне кіргізілген бірқатар конструкторлық бюроны сату туралы ақпаратты таратуға жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

Оларға «Мұнай-газ жабдығы конструкторлық бюросы» ЖШС, «Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС, «Ауылшаруашылық машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС және басқалары жатады.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қатысу үлесіне тәуелсіз бағалауды жүргізіп те қойды, өткізу шарттары жасақталды.

Жақын арада сату туралы ақпарат 2015 жылғы маусым айында аукцион өткізу үшін ҚР Қаржы министрлігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ веб-порталына орналастырылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер