astana-view

Мыңға жуық жамбылдық бизнесмен монополистер әрекетінен зардап шеккен

2015 жылғы 17 Маусым
- Жамбыл облысы
13227 просмотров

Жамбыл облысы прокуратурасы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бірлесе тексеру барысында жыл басынан бері 980 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бірлескен тексерістер газбен, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты болды. Нәтижелер ой саларлық: монополистер тарапынан көптеген бұзушылықтар анықталды.

2014 жылы заңды тұлғаларды коммуналдық газ тораптарына қосуға 804 техникалық шарт берген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы беру мерзімін бірнеше мәрте бұзған. Таңдамалы тексеру қорытындысы бойынша осындай 157 дерек анықталған. Сөйтіп, «Абилкаримова М.» жеке кәсіпкерлігіне техникалық шарттар белгіленген бес жұмыс күнінің орнына 20 күнге кеш берілген, «Түсіпбаева С.» ЖК – 17 күнге.

Филиал бір кәсіпкерге тұтынылатын газды есептеудің үш құралын – тамақ пісіру үшін бөлек, жылыту және басқа да өндірістік қажеттіліктер үшін бөлек орнату бойынша шарттар қойған. Бұл нормативтік актілерде реттемеленбеген.

Сонымен қатар, филиал жер-жерлерде кәсіпкерлерді филиал күшімен ойық жасау және газды жіберу бойынша қызметтерді орындауға мәжбүрлеген деректерге жол берген. Тексеріс кәсіпкерлердің газдандыру үшін рұқсат алуға кететін орташа қаражатын талдаудан өткізді. Талдау нәтижелері кәсіпкерлік субъектілерінен газ тораптарына қосылу кезінде монополист тарапынан түрлі алымдар сұралатынына куә болады.

Келесі бір монополист - «Тараз-су» шаруашылық жүргізу құқындағы қазыналық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ ҚМК) техникалық шарт беру мерзімін бұзған. Былтырғы жылы техникалық шарттар берілген 123 заңды тұлға ішінен 87 жағдайда бұл мерзімін бұзумен жасалған. Сөйтіп, «Шасабиров Ш.» ЖК бес емес, 100 жұмыс күні бойы күтуіне тура келген.

Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «ТаразТрансЭнерго» ШЖҚ ҚМК қызметіне осындай тексеріс жүргізілді. Таразда «Эмират» көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салып жатқан «Альбаракат» ЖШС кәсіпорынға жылу желілеріне қосылуға техникалық шарт беру мәселесі бойынша жүгінеді. Бірақ бизнесмен 14 жұмыс күнінің орнына алпыстан астам күн күтуіне тура келген.

«ЖЭС» қызметіне жасалған тексерістер де техникалық шарттарды уақытында бермеу деректерін айқындады – іркіліс 50 және одан да көп күнді құраған. Сонымен қатар көзделмеген жұмыстарды таңу деректері анықталған.

Прокуратура органдары тексеру нәтижелері бойынша монополистер атына заңды бұзуды жою туралы ұсыныстар енгізді. Табиғи монополиялар субъектілерінің 28 қызметкері түрлі жауапкершілік түрлеріне тартылды.

Жамбыл облысы прокуратурасы деректеріне сүйенсек, прокурорлар үстіміздегі жылдың бес айы  ішінде 23 тексеріс жүргізіп, 1861 бұзушылық анықталған, 45 ұсыныс енгізіліп, 107 наразылық қанағаттандырылған, 117 заңсыз акт күшін жойып, 71 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 674 кәсіпкердің құқығы қорғалған.

«Кәсіпкерлеріміздің құқықтары сақтала бермейтін бұзушылыққа көбірек ұшыраған салалар – коммуналдық ұйымдардың қызмет ұсыну саласы, жер қатынастары, сонымен қатар рұқсат ету ортасы, - деп атады Жамбыл облысы прокуратура басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Көбеев. –Кәсіпкерлік субъектілері қызметіне заңсыз тексеріс жүргізудің 8 дерегін анықтадық, сонымен қатар бақылау органдарының жұмыс жоспарлары зерттеліп, оның нәтижесі бойынша 17 тексеріс бақылау органдарының жоспарынан алынып тасталды және заңсыз жүргізуге жол берілмеді».

Мысалы, облыс прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясының 2015 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған 15 жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметін жоспарлы тексеруі күшін жойды.

«Прокурорлық жауап қату актілері бойынша жер қатынастары саласында ғана 233 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген, жергілікті атқару органының 48 актісі күшін жойды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Абай Алтаев. – Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу кезінде жол берілген дөрекі бұзушылықтар үшін Мемлекеттік табыс департаментінің бес қызметкері ҚР ӘҚБК 175 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер