astana-view

Маңғыстаулық бизнесмендерге жекешелендірілетін нысандар таныстырылды

2015 жылғы 17 Маусым
- Маңғыстау облысы
15113 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасында жекешелендіруге тиесілі нысандар презентациясы өтті. Онда 15 коммуналдық меншік нысаны, сонымен бірге бес спорт клубы мен «Жас Қанат» спорт кешені, ТКШ саласы төрт аудандық ұйымы, басқа да қызмет саласының бес ұйымы, «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрт ұйымы ұсынылды.

Маңғыстау облысы қаржы басқармасының өкілдері нысандар, олардың бағалау құны және жекешелендіру формасы жайлы айтты. Әрбір компания бойынша өңірлік комиссиялар, сауда жүргізу талаптары айқындалды: сенімгерлікпен басқарудан бастап әрбір компанияның қызмет ерекшелігіне қарай аукцион жүргізуге дейін.

Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысы Марина Альбекова түсіндіріп кеткендей, мемлекет тарапынан жекешелендірілетін нысандарға деген сенімгерлікпен басқару нысаны қызметінің бейінін сақтау, балалар мен халықтың белгілі бір санатына арналған тегін топтардың қызмет етуі сияқты жекешелендіру шарттары қойылады. Нысанды сату кезінде сатушының нысанды сатқаннан кейін оның қызметін сақтауды бақылауды жүзеге асыру құқығы белгіленеді. Әрекеттегі заңнама құқығы сатып алу-сату шарты талаптарын орындамаған жағдайда жекешелендірілетін нысанды қайтаруды көздейді.

«Кез келген жеке және заңды тұлға қатыса алады. Бұл электронды түрде өткізілетін қолжетімді ашық процедура. Жекешелендіру процедураларын өткізудің ашықтығын сақтау мақсатында бүгінде сауданы жүргізу, БАҚ арқылы және www.gosreestr.kz – мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жарнама беру  бойынша талаптар бар. Жекешелендіру нысандары туралы барлық ақпарат онлайн режимінде порталда қолжетімді», - деп ақпарат берді Марина Альбекова. 


Ұқсас жаңалықтар:

Құрылыс мәселесі
12 Тамыз
2015
Батыс Қазақстан облысы
Сатып алу керек пе жоқ па?
25 Маусым
2015
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер