astana-view

Заңсын берілген CT-KZ сертификаттарының күші жойылмақ

2015 жылғы 30 Маусым
6336 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берілген СТ-KZ сертификаттарына ішкі аудит жүргізбек

Бұл туралы брифингте Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев баяндады.

Атап өткен жөн, 2014 жылғы 12 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР заңына сәйкес «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауардың шығу тарихы жөніндегі сертификатты рәсімдеу және куәландыру қызметіне кіріскен болатын.

Басқарма төрағасы орынбасарының атап өтуінше, ҰКП тауардың шығуы туралы зертханалық жұмыстар сараптамасын  негізге ала отырып, берілген сертификаттардың растығына күмән келтірген шағымдардың көп екенін мәлімдейді.

Әсіресе, бұл «CT-KZ» формалы сертификаттарға қатысты. Мониторинг көрсеткендей,  сараптама актілері көбіне тауардың шығуы туралы заң талаптарын бұза отырып жасалатынын айта кету керек. Соған байланысты сертификат беруші ұйым актілердің дұрыс рәсімделгенін үнемі тексеріп отыруға мәжбүр болады.

Оның айтуынша, ішкі айналым үшін тауарды өндірген елді анықтау жүйесін жетілдіру мақсатында ҰКП тарапынан биылғы жылы Ережелерге толықтырулар енгізу бастамасы көтерілді. Атап айтқанда:  қарапайым жинау операциялары» ұғымын енгізу; құзыретті тұлғаның өндіріс орнына баруы (алғаш сұраным білдірген мекемелерге); өндіріске шығу жағдайында құзырлы органның СТ-KZ» формалы сертификатты беру мерзімі екі жұмыс күніне дейін ұзартылды. Мемлекеттік бақылау негізіндегі мемлекеттік органдардың шешімі шығарылған жағдайда немесе сертификат беруші органның ішкі аудиті арқылы тиісті талаптарды орындамау фактілері анықталған.

Осы орайда ішкі аудит нормаларын енгізуге байланысты 12 маусымда біздің тараптан серіктестіктердің біріне ішкі аудит жүргізілді. ҰКП жұмысындағы жағдайларды анықтау мақсатында құрылған сараптау комиссиясы бірқатар талаптардың орындалмау фактілерін анықтады.

ЖШС өндірістік базасын тексеру барысында өндірістің технологиялық үдерісін бағалау жүйесінің жоқтығы анықталды. Тексеріс кезінде сертификатта көрсетілген өнімдерді кәсіпорын өндірмеген. Сондай-ақ, сақтау қоймасында дайын өнім мен өнімдерді дайындауға қажетті материалдар мен шикізаттар табылмаған.

Тексерулер нәтижелері бойынша, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің бұйрығымен берілген СТ-КZ сертификаты кері қайтарылды.

Жоғарыда аталған сараптамалық қорытынды нәтижелерін беру талаптарын  орындамау фактілеріне  байланысты ҰКП барлық "СТ-KZ" формалы сертификаттарды ішкі тексерістен өткізеді. Оған ҚР ИДМ (Инвестициялар және даму министрлігі) ТРМК (техникалық реттеу және метрология комитеті) қызметкерлері мен салалық ассоциациялар және ӨКП (өңірлік кәсіпкерлер палатасы) қызметкерлері тартылады.

Қазіргі кезде біз әр өңірден құзырлы мамандардың тізімін дайындап отырмыз. Олар барлық өндіріс салаларына (машина жасау, металл өңдеу, металлургия, мұнай газ құрылғылары, электро-техникалық саласы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық саласы, құрылыс материалдары, ақпараттық технология, фармацевтика саласы) ішкі аудит жүргізуде техникалық сарапшы ретінде жұмылдырылады.

ҰКП Қазақстан Республикасы аумағында қандай да бір өндіріспен айналысатын барлық кәсіпкерлерді жоғарыдағы жағдайға байланысты бірлесіп күш жұмылдыруға шақырады. Егер де сіз кәсіпорынның құрылғысы немесе тұтастай өндірісінің жоқтығы туралы фактіні анықтасаңыз тікелей ҰКП колл-орталығының бірыңғай нөміріне:  59-79-60, Алматы қаласы үшін 8-727-259-79-60 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер