astana-view

Ғани Қасымов: «Кәсіпкерлер құқығын бұзушы лауазымды тұлғалардың атын атамасақ, жұмыс жүрмейді»

2015 жылғы 01 Шілде
- Ақтөбе облысы
10422 просмотров

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының ұжымына тиімді жұмыс жасағаны үшін алғыс айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес пен өңір прокуратурасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі штабының бірлескен отырысына қатысушылар Өңірлік палата мен облыс прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы қызметінің қорытындыларына құлақ түрді. 

Ақтөбе облысындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Есімқан Құрманғазиннің айтуынша, ӨКП бизнес мүддесін қорғауды қамтамасыз еткен және 4 миллиард 601 миллион теңгеге қаржылай қаражат алуда көмек көрсеткен.

Сарапшылар бір жарым жыл жұмыс ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің 500-ге жуық өтінішін қарап шыққан. Аталмыш өтініштердің ішінен 300 өтініш бизнесті қорғау желісі бойынша келіп түскен.

Палатаға келіп түсетін шағымдар мен өтініштердің негізгі үлесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқару органдарының құрылымдық бөлімшелері, салықтық әкімшілік ету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алулары мәселелері бойынша мемлекеттік табыс департаменті қызметіне қатысты болып келеді.

«Мысалы, қалалық мемлекеттік табыс басқармасы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге автотұраққа бөлінген жер телімдері бойынша салықты он еселенген мөлшерде төлеу туралы хабарлама ұсынған. Ал қалалық мәслихаттың сәйкес шешімі 2011 жылғы сәуір айында күшін жоған болатын. Осылайша, 54 кәсіпкерлік субъектісі 4 жыл бойы салықты он еселенген мөлшерде – 35 миллионнан астам теңге төлеп қойған. Облыс прокуратурасы енгізген заңды бұзуды жою туралы ұсыныстан кейін ғана кәсіпкерлер құқығы қалпына келтірілді», - деп мысал келтірді Есімқан Құрманғазин.

«Жергілікті атқарушы органдар, жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласы шағым саны жөнінен даусыз көшбасшы болып табылады. Салық салу және салықтық құқық қатынастары, мемлекеттік сатып алулар саласында, сот актілерін орындау жөніндегі органдар әрекеттері үстінен шағымдар көптеп түседі. Кәсіпкерлер құқығын бұзушы лауазымды тұлғалардың аты-жөндерін жарияламайынша, жұмыс жүрмейді. Шағын және орта бизнесті қорғау туралы мәселені қатаң түрде жолға қоятын боламыз. Оларда сіздерден басқа қолдау жоқ», - деп атады Ғани Қасымов ӨКП мен прокуратура басшылығына жүгіне отырып. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер