astana-view

ЕАЭО Кеден кодексі: Қазақстанның ұсыныстары талқыланды

2015 жылғы 30 Маусым
5132 просмотров

2015 жылғы 29 маусымда бейнеконференция режимінде кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 12 отырысы өтті. Отырыста қазақстандық тарап Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарын таныстырды.

Осы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет ішіндегі мақұлдау процедураларын аяқтау мерзімін ауыстырғанын еске саламыз. ЕАЭО Кеден кодексі жобасына тұжырымдамалық ұсыныстар даярлау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысының қорытындысы бойынша қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен осы жылдың 30 наурызы мен 30 сәуірі аралығында ЕАЭО Кеден кодексі жобасына 552 түзету даярланды.

Дайындаушылар мынадай тұжырымдамалық ұстанымдарды негізге алды: «резиденттік» қағидатын сақтау; кедендік транзит кедендік процедурасын бірегейлендіру; кедендік операциялар мен процедураларды жеңілдету; барлық кедендік процедуралар кезінде жанама салықтарды төлеуді алып тастау (транзиттен басқа); уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру; алдын ала ақпараттандыру процедураларын ұйымдастыру; түсініктерді жеңілдету (редакциялық нақтылаулар).

Қазақстанның революциялық ұсыныстар жасауына орай Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының өкілдері сұрақтың астында қалдырды, ал Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері жекелеген түзетулердің легитимділігіне қатысты қауіптерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарын талқылауды Жұмыс тобының кезекті отырысында 2015 жылғы 13 шілдеде жалғастыруға шешім қабылданды.

Қазақстанның ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарының презентациясымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер