astana-view

Қостанай: «артық жүк тиеу» айыппұлдары енді болмайды!

2015 жылғы 03 Шілде
- Қостанай облысы
13644 просмотров

ҚР ИДМ Көлік комитеті мамандандырылған автоматтандырылған өлшеу құралдарының (МАӨҚ) жұмысын тоқтатты және олардың дәйексіз көрсеткіштерімен жазылған айыппұлдардың күшін жойды.

Шешім Қостанай облысында орын алған сот оқиғаларынан кейін қабылданды, деп өңірдегі Кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте хабарланды.

Биылғы жылдың мамыр айында Қостанай облысының екі тасымалдаушы бизнесмені сот тәртібінде Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жол учаскелерінде автокөлікке қате тіркелген артық жүк тиеу үшін салынған 1 млн теңгеден астам сомадағы айыппұлдан босатылды. Палатаға МАӨҚ жұмысына шағыммен жеті кәсіпкер жүгінген, ұйғарымдар 36 кәсіпкерге қатысты шығарылған. 

«Сарапшыларымыз кәсіпкерлермен бірге сотта бұл айыппұлдардың заңсыздығын және кәсіпкерлердің салмақты асыруға жол бермегенін дәлелдей алды. Аталмыш сот оқиғаларынан кейін Көлік комитеті күллі Республика бойынша 712 ұйғарымды қайтарып алды. Сонымен бірге, ҚР Бас көлік прокуратурасы Көлік комитетіне Республика бойынша барлық МАӨҚ жүйелерінің жұмысын тоқтату туралы ұйғарым енгізді», - деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов. 

Палата Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Жұмашевтың МАӨҚ жұмысын тоқтату туралы Бұйрығына 23 маусымда қол қойылғанын хабарлады. Сонымен бірге, Палатаға көлік бақылау саласында тасымалдаушылардан құжаттарды заңсыз алып алу бойынша да шағымдар келіп жатады.

«Сонымен, Шолақсай ЖШС көлік инспекциясының қызметкерлері жүргізушіні сапар алдындағы медициналық тексерудің жоқтығы себебінен жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ автомобиль техникалық төлқұжатын заңсыз алып қойып, бермей қойған. Осының салдарынан автомобиль тұрып қалып, кәсіпорын шығынға ұшырайды. Көлік прокуратурасы біздің өтінішімізбен кәсіпкердің құқығын қорғап шықты, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - деп атады Самат Сәдуақасов.

Кәсіпкерлер палатасына Қостанай облысымен еңбек қызметін жүзеге асыратын ресейлік бизнесмендер де жүгінеді.

«Жақында ғана ресейлік компания өкілінің автомобилі салмақ көрсеткіштерін асырғаны үшін айыппұл тұрағына қойлған. Кәсіпкер бұл жағдайда бидай дәні осы уақыт ішінде бүлініп кетіп, қазақстандық тарапқа тұрақсыздық айыбын төлеуге тура келеді ма деп қауіптеніп отыр. Аталмыш дерек бойынша көлік инпекциясына кәсіпкердің ең құрымаса астықты алып кету мүмкіндігін қарау туралы жүгіндік»,- дейді Самат Сәдуақасов.

Үстіміздегі жылдың 6 айында облыстағы Кәсіпкерлер палатасына құқықтарының бұзылуы туралы түрлі шағымдармен 85 бизнес субъектісі жүгінген. 29 түйткіл оң шешімін тапты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер