astana-view

Шығыс Қазақстанда «Меркель-Назарбаев» бастамасы жүзеге асырылуда

2015 жылғы 08 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
11223 просмотров

Өскемен құрылыс колледжінде жаңа «Өнеркәсіптік механик» мамандығын енгізу эксперименталдық білім беру бағдарламасы жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы оқу орны мен әлеуметтік әріптес кәсіпорын қызметін үйлестіруді іске асырады, колледждегі педагогикалық кадрлардың машықтануын және кәсіпорындағы тәлімгерлерді оқытуды қамтамасыз етеді.

Палатаның тікелей қатысуымен «КжТББ, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтары сыныптауышына» «Өнеркәсіптік механик» біліктілігі енгізілді, облыстағы бес кәсіпорынмен пилоттық жобаға қатысу шарттары жасалды.

Жұмыс тобының құрамына ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, аталмыш жобаның атқарушы басшысы Нұргүл Айдаболова, халықаралық сарапшы Гюнтер Нойм, пилоттық жобаға кірген кәсіпорындар өкілдері («Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Промтехмонтаж» Өскемен басқармасы» ЖШС), Өскемен құрылыс колледжі басшылары мен мамандары кірді.

«Бүгінгі таңда пилотық жобаны жүзеге асыру екінші, орындау кезеңінде жатыр» - деп баяндады колледж директорының орынбасары Татьяна Москаленко «Өнеркәсіптік мезханик» мамандығы бойынша эксперименталдық білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылау барысында.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) сарапшысы Гюнтер Нойм колледждің материалдық-техникалық базасына сараптама жүргізді, студенттерді кәсіптік оқыту бойынша экспериментке қатысушы кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты және колледждер мен кәсіпорындардың базасын модернизациялау бойынша нұсқаулықтар берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер