astana-view

«Жер – шаруаларға, газ – тұтынушыларға, кредит – бәріне!»

2015 жылғы 07 Тамыз
- Атырау облысы
11694 просмотров

Жерді ресімдеу, кредиттің қолжетімділігі және тарифтердің қымбатшылығыБұл Атырау облысы Индер ауданы бизнесмендерінің толғақты түйткілдері

Атырау облысы Палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы барысында аталмыш түйткілдерді шешудің жолдары қаралды.

Палатаның Индер аудандық филиалының директоры Мырзабек Тасыбаевтың айтуынша, ауылдықтар арасында жеке іс ашқысы келетіндер баршылық. Алайда қазірде ауданда егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары жоқ және де, осының салдарынан кәсіпкерлер құрылыс үшін жер телімдерін ала алмай отыр. Есбол ауылының тұрғыны Марат Қонасов осының салдарынан дәріхана аша алмай отырса, кәсіпкер Қалқаман Ахметов автовокзал сала алмай жүр.

«Бизнесмендер ұзақ уақыт бойы автовокзал құрылысына жер телімін ала алмай жүр. Бұл аудандағы бағыттар автобустары мен таксилердің жұмысын жүйеге келтіруші еді, жолаушылар жағдайы жасалар еді. Бірақ әкімдіктегілер бос учаске жоқ деп жауап береді маған», - деп назаланды Қалқаман Ахметов.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қаһарман Бағынов түсіндіргендей, құрылыс салу жобасын дайындау үшін 94 млн. теңге қажет. Бұл қаражат жыл сайын бюджеттен сұралады, бірақ әзірше оң жауап берілген емес.

«Мұндай түйткіл бар екенін жақында ғана білдім. Облыстық мәслихаттың сессиясында ол қаралған жоқ. Депутат ретінде аталмыш мәселені көтеретін боламын. Құр қол қарап отыруға болмайды ғой, себебі нәтижесінде аудан бизнесі ақсайды», - деп атады Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әлия Бекқожиева.

Бүгінде аграрийлерге оңай болып жатқан жоқ. Кепілдіктік мүліктің жоқтығы салдарынан олар ауыл шаруашылығын дамытуға кредит ала алмай жүр.

«Ауданы 4 гектар болатын жер телімім бар. Жеміс ағаштарын өсіремін. Биыл субсидия алғым келген. алайда ол үшін аумақ ауданы кем дегенде 5 гектар болуға тиіс. Кепілдіктік мүлік бола алатын жеке баспанам жоқ. Жақында көшеттерді суару үшін сорғы сатып алу үшін, жалғыз автокөлікті де сатып жіберуге тура келді. Жағдайды орнына келтіру үшін, кем дегенде 1 млн теңге қажет. Бірақ бұл соманы ала алмаймын», - дейді «Таңатар» шаруа қожалығының басшысы Болат Таңатаров. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Әлия Бекқожиева оның түйткілін шешуге жәрдем көрсетуге уәде берді.

Өткен жарты жылда аудан кәсіпкерлерінен көбінесе газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі өтініштер келген. Ауылдық бизнесмендер «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорны тарифтерінің қымбаттығына, «көгілдір отынға» қосылу бағасының жоғарылығына, алдын ала төлем енгізу қажеттігіне назалануда.   

«Наубайхана ашу үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кредит алдым. Алайда екі жыл бойы газбен жабдықтау мәселесін шеше алмай жүрмін. Дайындалған сметаға сәйкес, көгілдір отын тарту және қажет жабдықты орнату жөніндегі жұмыстар бір жарым миллион теңгеден астам сомаға бағаланып отыр. Ондай қаражатым жоқ!», - дейді жеке кәсіпкер Гүлжан Меңдікенова.   

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы облыс басшылығы мен мәслихат депутаттарының атына егжей-тегжейлі жобалау жоспарын дайындау үшін бюджеттен қаражат бөлуді сұрап хат жолдайды. Палата ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум аясында «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС басшылығымен келіссөздер жалғасын табады. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы аграрийлерге кредит алуда жәрдем көрсету бойынша жұмысты жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер