astana-view

Айыпты деп танылсын!

2015 жылғы 10 Тамыз
10363 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерді қате айыптаулар шырмауынан құтқаруға талпынуда

Бөгет-тоғанның 2014 жылғы 31 наурызға қараған түні бұзылғанын еске саламыз. Су ұйқыдағы ауыл тұрғындарын түн ішінде басып қалды. Еріген қар суы ағысының деңгейі бірнеше сағат бойы екі метр биіктікте болады да, осыдан соң төмендей бастайды. Бес адам суға кетіп, үш жүз бастан астам мал қырылып қалды. 300 үй тасқыннан бұзылды.

Бүгінде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылындағы су тасқынының қайғылы құрбандары жайлы іс аяқталып қалды. Облыс прокуратурасы тергеуге берілген уақытының шегіне жетті. Айыптау қисынындағы кемшіліктермен енді сот айналысатын болады.

Прокурор жүргізген тергеудің бастапқы айыптау бейінін ескере отырып, «қылмыстық салақтыққа» күдікті «Табиғат XXI» ЖШС (және «Сантехпром» ЖШС) құрылтайшысы Владимир Крючков өзі үшін істің әділ қаралатынынан үмітін үзіп отыр.

«О бастан мені еш жазығым жоқ дүние - «адам өліміне алып келген тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға»  айыптап отыр. Бірақ бар мәселе кәсіпорнымыздың Көкпекті су қоймасының жалгері болғандығында ғана. Біз оны Балық спорты қауымдастығының өтінішімен, облыс тұрғындары үшін жасыл демалыс аймағы құрылысының пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін алған едік. Біз бөгет айналысында жас көшеттерге арналған питомник, балық аулау және толыққанды демалыс үшін инфрақұрылым салғанымыз рас. Бірақ, ұзақ уақыт бойы «Шаңырақ» Агрофирмасы» ЖШС есебінде болған бөгет иегері болмастан, оған қандай да бір конструкциялық өзгерістер енгізуге құқым болған жоқ. Бар істегенім – дамба табанын бекіте отырып, топырақ пен ұсақ тас төседім. Және де, әрине, ТЖ жөніндегі басқарма және жергілікті атқару органдарына естілер ме деп, жаза бердім, жаза бердім», - дейді Владимир Крючков palata.kz тілшісіне.

Тоғыз жыл бойы жүргізген жұмысында «Табиғат XXI» ЖШС басшылығының мемлекеттік органдарға 60-тан астам хат жолдағаны анықталды. Аталмыш хаттарда баяғыда-ақ өз ресурсын сарқыған дамба-бөгеттің аянышты жағдайы жайлы дабыл қағылған. Жергілікті атқару органдары да, дамба иесі де оны қайта қалпына келтіруге бармайды.

«2008 жылы техникалық-экономикалық негіздеме жасалды. Ол гидротехникалық құрылыстың толықтай қайта қалпына келтірілуін көздейді», – дейді Владимир Крючков. – «Бұл неліктен жасалған жоқ? Иә, бәрі де тоғанның өз мүлкі үшін жауапкершілікті иесі болғандығынан! 2009 жылы тоғанға 50 жыл толды. Оны пайдалану мерзімін ұзарту үшін бірқатар салмақты және қымбат тұратын іс-шаралар жүргізу керек еді…»

Ал осы арада тоғанның бұрынғы иесі болған компанияның басшылығы - «Шаңырақ» Агрофирмасы» ЖШС «өтіп кеткен күнмен» осы кәсіпорынның теңгеріміне гидротехникалық нысанды беру кезінде қандай да бір процедуралардың бұзылғанын анықтайды. Бұл оған иегер ретінде қойылатын талаптарға күмән тудырады. Ал бұл жауапкершіліктен кетуге және оны су қоймасын жалдаушыға аудара салуға мүмкіндік берді.

«Жергілікті органдардың біз орындаған жұмыстарды комиссиямен қабылдағанын атап өту керек. Бізге қарсы ештеңе айтылған жоқ, оған дәлел – қол қойылған актілер! Бірақ салмақты қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасатқан жоқ. Неліктен бізді айыптап отырғандары мүлдем түсініксіз. Тоғанның жағдайына біздің жауапкершілігіміз немесе қандай да бір құқығымыз бар болып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс екеніміз жазылған бірде-бір шарт та жоқ!», - дейді бизнесмен.

Кәсіпкер сараптама тағайындалуын бір жыл бойы күтті. Ақырында Санкт-Петербургтен гидротехниктерді шақырып, оны өз есебінен жүргізді. Олардың ойынша, бөгеттің бұзылуын арнасының қоқысқа толып кетуі де тудырған. Өзен ағысының өн бойында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын көруге болады. Арнаны тазарту бойыша ешқандай шара қолданылмаған. Тағы бір айта кететін тұс. Бір қызығы, жергілікті атқару органдары тікелей күзет аймағының аңғарында құрылыс жүргізуге рұқсатты аса жомарттықпен таратқан. Бір орында тіпті жол да өтеді. Ақырында, 2014 жылғы наурыз айында жиырма шақты тоғанның 12-сі бұзылды (!).

Гидротехник мамандар жүргізген тәуелсіз сараптама қорытындысы мәндес: апаттық жағдайда болғандықтан, тоған бәрібір бұзылар еді. Бірақ облыстық прокуратура бұл дәлелдерге келіскен жоқ. «Прокурорлық қорытынды мәтінінде былай жазылған: «сараптама дәлелдері дұрыс емес». Алайда, қай жері қате – көрсетілмеген», - деп назар аудартты кәсіпкер.

Прокуратура гидротехникаға еш қатысы жоқ ғылыми-зерттеу орталығының сараптамасын басшылыққа алып отыр. Бірақ сарапшылардың пікірі үтір-нүктесіне дейін прокурорлар пікірімен сәйкес келіп отыр. Кәсіпкер адвокаттарының ойынша, сараптамалық қорытынды солардың нұсқауымен жазылған сияқты.

Мына дүние де таңдандырады. Ауыл тұрғындары шеккен зардап миллиардтан астам теңгеге бағалануда. «Табиғат XXI» ЖШС мүлкі бұл мақсат үшін жете қоймайды. Сонда облыс прокуратурасы Қазақстанның заңгерлігінде кездеспейтін тұтқындау оқиғасын қолданып, оқиға орнынан жүздеген шақырым жырақта жатқан, материалдық жауапкершілікті алуы еш мүмкін емес, мүлдем басқа кәсіпорынды тұтқындайды.

Владимир Крючков тең құрылтайшысы болып табылатын «Сантехпром» ЖШС – жетекші экспортшы кәсіпорындардың бірі.

«Үш жүзден астам адам еңбек ететін зауыт Қарағанды өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанда экономика көшбасшысы болып табылады. Ол «Бәйтерек» бағдарламасы бойынша еліміздегі үздік жиырма кәсіпорын қатарында. Тұтқындалған мүліктің құны Көкпектіде орын алған қайғылы оқиға жайлы іс бойынша ұсынылған залал сомасына жасанды түрде сәйкестендірілгені анық. Бірақ мұның дөрекі әрі епсіз жасалғаны соншалық, рейдерлік схемаларды жүзеге асырғысы келгенін жоққа шығаруға болмайды», – дейді кәсіпкер.

Көкпекті ауылындағы қайғылы оқиға бойынша кінә тағылып отырған Владимир Крючковтың тасқын салдарын жоюға белсене ат салысқанын айта кету керек. Бұл әсіресе әріптестеріне тілектестік танытып отырған Қарағандының бизнес-қоғамдастығының ашуын келтірді. Көптеген кәсіпкерлер Владимир Крючков ісінде оқиғаның нағыз жазықтыларын жауапкершіліктен алып кету талпынысын көріп отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да бизнесменді ашық түрде алдын ала ойластырылған іс шырмауы мен әділетсіздіктен құтқаруға талпынып көрді. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті Бас прокуратураға ресми хат жолдады. Сонымен? Бас прокуратура қызметкерлері Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Нормативтік-құқытық актілер иерархиясы туралы Заңды емес, барлық заңгерлік нормаларды бұза отырып, ішкі бұйрықты басшылыққа алып, ҰКП қарсылығын осы істі жүргізіп жатқан Қарағанды облысы прокурорына қайта жолдайды.

Дей тұрғанмен, ҰКП кәсіпкердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастырады. «Атамекен» істің күллі аргументтері тек айыптау тарапынан талқылануын заңсыз деп есептейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер