astana-view

Ақтөбе-Түркия: ынтымақтастық географиясын кеңейтеміз

2015 жылғы 20 Тамыз
- Ақтөбе облысы
9674 просмотров

Ақтөбелік делегация жұмыс сапарымен Түркияда болып қайтты. Онда өңірдің инвестициялық әлеуеті мен жобаларын таныстырды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері, Ақтөбе облысы өңірлік Кәсіпкерлер палатасы және «Ақтөбе» СПК» ҰК» АҚ директоры мен кәсіпкерлерден тұратын делегация Конья қаласына қазіргі заманғы Түркиядағы кәсіпкерліктің даму тәжірибесін, соның ішінде, өнеркәсіптік орталық – Конья қаласын және индустриялық аймақтың қызмет ету механизмін зерттеу үшін сапар шекті.

«Конья аумағында өндірістің түрлі секторларындағы көптеген ірі және шағын индустриялық аймақтар қызмет жасайды. Қазірде Ақтөбе өнеркәсіп аймағында индустриялық аймақтың салынып жатқанын ескере отырғанда, олардың тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырды. Кәсіпкерлер палатасы үшін – бұл Коньяға жасалған екінші сапар. Алғашқысы жемісін берген еді. Ол сапар нәтижесінде ақтөбелік кәсіпкер машина жасау саласындағы жобаны жүзеге асыруын бастады», - дейді ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Делегация мүшелері құрылыс индустриясы, металл өңдеу, азық-түлік өнімдері өндірісі саласындағы бірқатар кәсіпорындарда болды. Сапар аясында Конья өңірі басшылығымен, Конья Сауда Палатасы басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында ірі көлемді жобаларды жүзеге асыруға түрік инвестицияларын тартуға деген қызығушылық танытылды.

Түрік компаниялары басшыларымен кездесу кезінде инвестициялық ынтымақтастық, Ақтөбе облысы аумағында экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен кәсіпорындар салу мәселелері талқыланды, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер