astana-view

Тараз өнімі Талассты бағындыруда

2015 жылғы 28 Тамыз
- Жамбыл облысы
11141 просмотров

Қырғызстан бизнесмендері Тараз тәттілеріне қызығушылық танытуда

Тараздық «Ширинкомшарг» ЖШС кәсіпорнының кондитерлік өнімдері Қырғыз Республикасы Таласс облысына экспортталатын болады.

Екі ел кәсіпкерлері Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен келіссөздерден кейін шартқа қол қойды. Елдер арасындағы шекараның ашылуы табысты әріптестікке сеп болды.

Гүлзира Қасымова басқарып отырған «Ширинкомшарг» ЖШС кәсіпорны Таразда 2000 жылдан бері табыспен қызмет етуде. Бүгінде кәсіпорында ирандық технологиямен 66 кондитерлік өнім түрі шығарылады. Көрші ел нарығына шығуды мұндағылар жақсы қабылдады.

«Өндіріс, жұмыс күші қуаттылығы және техникалық мүмкіндіктер біздің өнімді кез-келген көлемде өндіруімізге мүмкіндік береді. Сондықтан да әріптестікті дамытуға дайынбыз», - деп есептейді Гүлзира Қасымова.

«Таразда кондитер өнімдерін өндіру жақсы дамыған. Өнімнің сан-алуандығы таңқалдырады, тіпті орамасы, брендтің әзірлемесі жоғары деңгейде жасалған. Біз сонымен қатар Таласс облысында кондитерлік өнімдер өндіруге тырыстық, бірақ, өкінішке орай, өнімді өткізу түйткіліне ұшырастық, себебі халықты осындай кондитерлік өнімдер сұрыпталымымен қамтамасыз ете алмадық. Кондитерлік өнімдерді 450 шақырым қашықтықтағы Бішкектен әкелу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Бірақ бүгінде екі ел арасындағы шекара ашылғанда өнімді Тараздан әкелу мүмкіндігі пайда болды. Арадағы қашықтық бар-жоғы 100 шақырым», - деп түсіндірді Қырғызстан кәсіпкері, Таласс облысының депутаты Айнұр Орумбаева.

Екі ел кәсіпкерлерінің келісумен «Ширинкомшарг» ЖШС кондитерлік өнімі Қырғыз Республикасының Таласс облысында «Ширинкомшарг-Талас» брендімен сатылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер