astana-view

Алматы бизнесі сынаққа түсті

2015 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
9946 просмотров

Мамандандырылған сараптама органдары Алматы кәсіпкерлерінен қызметтері үшін қосымша ақы алуда

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Директордың құқықтық мәселелр жөніндегі орынбасары Қайрат Құдайберген хабарлағандай, тамыз айының басынан бері Палатаға 60 жазбаша өтініш келіп, 20-дан астам ауызша өтініш тіркелген. Шағымның көпшілігі салық салу, байқаулар мен мемлекеттік сатып алуларды өткізу, жер және саулет-қала құрылысы заңнамасы саласындағы рұқсат құжаттарды ресімдеуге қатысты.

Шілде айында құқықтық бөлім 12 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы мен мүддесін қорғаған. Палата өкілдерінің жәрдемімен шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер қайтып алынып, екі компанияның банк шоттары бойынша шығыс операциялары қайта жаңартылды. Сонымен қатар, кәсіпорын өз бетінше ала алмаған алкоголь өнімін бөлшек өткізуге мемлекеттік лицензия алынды.

Қаладағы Мемлекеттік табыс департаменті лицензия алуға өтініш жолдаған кезде кәсіпкерлердің Тұтынушыларды қорғау жөніндегі департенттің (СЭС) қорытынды-келісуін ұсынуын талап еткен.

“Ал Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент өз кезегінде келісу процедурасын реттемелейтін нормативтік-құқықтық актінің болмауы салдарынан кәсіпкерлерге қорытынды-келісу беруден бас тартқан. Бас тартуды аталмыш норманың хабарламалық сипатта болатынын, келісудің талап етілмейтінін уәждей отырып түсіндірген. Палата сарапшыларының араласуынан кейін, қорытынды-келісуді ұсыну талабы алынып тасталып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік табыс департаментінен алкоголь өнімін бөлшек сатуға лицензия алынды”, - деп хабарлады Қайрат Құдайберген.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерге электрмен жабдықтау нысанына қосылуға техникалық шарт алуға жәрдем көрсетілді. Палатаға келіп түскен өтініштермен бастамаланған тексерістер нәтижесінде прокуратура органдары үш прокурорлық жауап қату актісін енгізді. 

Мемлекеттік органдармен әрекеттестік бөлімінің бастығы Бекежан Күнтаев “Asunaro” ЖШС Ұлттық дәрі-дәрмектерді сараптау орталығында медициналық техника мен медициналық мақсаттағы өнімдерді тіркеу кезінде ұшырасқан түйткіл жайлы сөз етті.

Кәсіпкер тіркеуге 11 өтініш берген, оның үшеуі заңда белгіленген мерзімде (90 күн) тіркелген, алтауы бойынша болар-болмас бұзуларға жол берілген, ал қалған үшеуі тағы бір ай тұрып қалған.

“Сөйтіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 бұйрығымен Медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) «Мамандандырылған сараптау» кезеңін өткізу үшін 1, 2а санат және 2б, 3 санатта сәйкесінше кем дегенде 30 күнтізбелік күн және кем дегенде 60 күнтізбелік күн көзделген. Сонымен бірге, Ұлттық дәрі-дәрмектерді сараптау орталығының жауабында  № 62105, 62107, 62109, 62111, 62113, 62127 өтініштері бойынша мерзімдердің 3 күнге бұзылғаны, ал №62108, 62123, және 62124 өтініштері бойынша 26 күнтізбелік күнге бұзылғаны көрсетілген, Ұлттық дәрі-дәрмекті сараптау орталығы бұған қарамастан, өз жауабында мерзімдердің бұзылмағанын хабарлайды”, - деді Бекежан Күнтаев. – Сонымен қатар, азаматтар өтініштерін қарау туралы әрекеттегі заңнаманың нормаларын бұза отырып, Серіктестіктің Орталық атына бірнеше рет жасаған өтінішіне жауаптар көзделген мерзімде берілмеген”.

ЖШС құрылтайшысы Владимир Демуриннің Сараптау кеңесінің медициналық мақсаттағы бұйымдар үлгілерін жеке тіркеу туралы шешімімен келіспегенін атай кету керек, себебі олар техникалық сипаттамасы, тағайындалуы және функционалдық ерекшеліктері бойынша ерекшеленбейді.

Кәсіпкер орталық атына жалпы 3 ай ішінде 50 (!) хат жолдағанын жеткізді. Сонымен бірге әрбір өнім атауы үшін 700 мың теңге көлемінде баж төлеген.

Ұлттық орталықтың Мамандандырылған сараптау департаментінің директоры Раушан Тұрысбекова орталықтың мерзімді созудағы кінәсін мойындаған жоқ және мұны негізді деп санайды.

«Егер сараптау жұмыстарын өткізу процесінде қандай да бір қосымша ақпарат немесе материалдар қажет болса, өтініш иесіне сәйкес сұрау жасай аламыз. Аталмыш техниканың медициналық мақсаттағы қосымша бұйымдармен толықтырылғаны анықталды, олар қосымша зертханада сыналуға тиіс. Орындалуға тиіс процедуралардың бәрін орындадық”, - деп түсіндірді ол.

Кәсіпкер болса, тіркеу мерзімі одан әрі созылмас үшін және тұрып қалмас үшін, қосымша толықтыру бұйымдарын қайтарып алып, оларды басқасына айырбастауға мәжбүр болған. Дей тұрғанмен, құжаттарды ала алмаған. Орталық өкілдері өздерінің дұрыс жасап отырғандарын алға тартып, көптеген бұйрықтар мен нормативтерді келтірген. 

Ұзақ та қызу пікірталастан кейін Кеңесте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен қала прокуратурасына жағдайды қосымша зерттеу үшін, істе сыбайлас жемқорлық дерегі барлығын ескере отырып, хат жолдауға шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер