astana-view

Маңғыстау – бизнес аумағы

2015 жылғы 08 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
15027 просмотров

Маңғыстау кәсіпкерлері мүдделері мен құқықтарын қорғау ісінде Кәсіпкерлер палатасының қолдауына сүйене алады

ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Маңғыстау филиалының алаңында брифинг өтіп, онда Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев пен облыстағы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Виктор Кох кәсіпкерлер құқығын қорғауды күшейтудегі ҰКП ролі жайлы сөз етті. 

Өңірлік палата басшысы атап өткендей, үстіміздегі жылдың 8 айының ішінде кәсіпкерлердің 178 өтініші қаралған, оның ішінде 75 – кәсіпкерлер құқығын қорғау желісі бойынша. 126 өтініш бойынша сәйкес түсіндірулер берілген және олар бойынша сұрақтар жоқ. 18 өтініш мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қарауында.

Облыс кәсіпкерлері көбінесе жер құқықтық қатынастары мәселелері бойынша жүгінеді. Бүгінде 75 өтініштен 39 жерді жалға алу саласындағы түйткілдерге қатысты, бұл келіп түскен шағымдардың жалпы санынан 52% құрайды.

Жыл басынан бері Палата жәрдемімен 5 278 358 теңге сомасына салық органдарының үстеме есептеулері және өзге де талаптардың күші жойылып, кәсіпкерлер пайдасына өндірілді.

Жалпы сомасы 309,8 млрд теңгеге жергілікті мазмұнды дамыту бойынша 105 Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумдар аясында жалпы сомасы 287,2 млрд. теңгеге 315 коммерциялық шарт жасалды (меморандумдардың жалпы санынан 92,7 %).

Палата өкілдерінің қатысуымен бақылаушылар ретінде ірі мұнай өндіруші компаниялардың сатып алулары бойынша 17 байқау өткізілді. Тендерлік комиссия тарапынан бір бұзу анықталды.

Тариф белгілеу мәселелері бойынша 5 өтініш қаралып, оның ішінде 4 өтініш (80,0%) оң шешім тапты. Палата 6 сараптама кеңесіне және қоғамдық тыңдауға қатысып, олардың барысында «Атамекен» ҚР ҰКП атынан тариф белгілеу механизмін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін құны 10 млрд теңгеге дейінгі 16 инвестициялық жобаға талдау жасалды. Барлық жобалар бойынша сараптамалық қорытынды жасалып, Маңғыстау облысы әкімдігіне ұсынылды.

Тікелей инвестициялар тарту жұмысы жалғасуда. Қазірде Франция, ҚХР, Иран, Ресей, Түркия, Румыния, Әзербайжан, Индонезия және басқа да елдер елшіліктерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Палата тауардың шыққан тегі туралы 744 сертификат берді, соның ішінде: СТ-КZ нысанындағы ішкі айналымда - 397, экспортқа - 374. Жергілікті әкімдіктердің нормативтік-құықтық актілері жобаларына 59 сараптамалық қорытынды даярланды.

Бүгінгі күні 14 кәсіптік техникалық колледж облыстағы 26 кәсіпорынмен дуалды білім беру саласында («кәсіпорын-колледж-студент» қағидаты бойынша) үш жақты ынтымақтастық шарттарына қол қойды. Кәсіпорындар 15 мамандық бойынша кәсіптік кадрларды даярлауға ниет білдірді. Іс-тәжірибеден өту шарттарына 402 студент қол қойды.

«Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының ықпалды қатысуымен «Ақтау Мұнай Электронды Компания» ЖШС және үш колледж арасында жас мұнайшыларды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Колледждерге жетекшілік ету туралы екі шарт жасалды. Ірі ксіпорындар жанынан кадрлар біліктілігін көтеру бойынша 2 оқу орталығы құрылды: «Марин Болашақ» ЖШС жанында және «Профессионал» «Берекет-Ф» ЖШС жанында. Дуалды оқытудың жол картасына 6 сала бойынша 10 колледж кірді», - деп қорытты өз сөзін Жаңбырбай Доспаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер