astana-view

Сатуға салынатын салық жайлы мәселе бір жылға шегерілді

2015 жылғы 22 Қыркүйек
9674 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мәселесі бойынша «Атамекен» Ұлттық палатасымен кеңеспекші

Қазақстанның Үкіметі ҚҚС-ты сатуға салынатын салықпен айырбастау ықтималдығы туралы мәселені талқылауды уақытша тоқтата тұру туралы шешімге келді. Мұндай шағын-сенсацияны бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады. «Сатуға салынатын салықты енгізу немесе сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін бөлшек салық мәселесі 2016 жылы қаралатын болды. Сәйкес тапсырма бар, біз жаңа саясатты қалыптастыру бойынша бизнес және консультанттарымызбен бірге жұмыс жасап жатырмыз», - деді министр. Салық кодексіне келесі өзгертулер 2016 жылы енгізілетін болады, Ерболат Досаев осыған орай аталмыш салықтың бизнес үшін тиімді не тиімсіз болып табылатыны туралы айтуға «ерте» екенін атап өтті. Ұлттық экономика министрлігінің басшысы сатуға салынатын салық туралы тақырыпты талқылаудың өңірлікті қоса алғандағы барлық ықтимал алаңдарда талқыланатынына сендірді.

Ерболат Досаевтың ҚҚС және шот-фактуралар мәселесі төңірегіндегі ұстанымы да біршама қызық естілді. Министр ҚҚС қолданатын немесе шот-фактуралар алатын салық төлеушілердің, патент бойынша жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді қоспағанда, «негізінде, ҚҚС төлеушілер болуға тиіс» екеніне сенімді. «Мемлекет осы салықтарды төлеу қажет дегеннен басқа қосымша ауыртпалықтар ұсынып отырған жоқ», - деп баса айтты Ерболат Досаев.

ҚҚС төлеушілер үшін ықтимал өзгертулердің механизмдері мен егжей-тегжейіне келер болсақ, министр айтып өткендей, оның жай-жапсары таяудағы жұма күні Қазақстан үкіметі мүшелерінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесуі барысында талқыланбақшы.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер