astana-view

Тимур Құлыбаев: «Ақтауда Өңірлік инвестициялық орталық құрылады»

2015 жылғы 22 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
10229 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуі барысында осылай деп хабарлады.

Кездесуде аталып өткендей, Өңірлік инвестициялық орталық кредиттеу жолымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге, сонымен қатар өңір экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдем көрсететін болады. ӨИО қызметі әдетте банк секторының мүддесінен тысқары қалып жататын нырақ тауашаларына бағдарланатын болады (Индустрияландыру, АӨК карталары және т.б.). Өңірлік инвестициялық орталық қызметінің басымдылықты бағыттары жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, көлік және логистика, сауда, АӨК, мұнай сервисі мен туристік кластерлер болып табылады.

«Бүгін облыс әкімімен бірге аудандарда болып қайттық, және онда микрокредиттеуге деген, шынымен де, өзекті қажеттілік бар. Біз Өңірлік инвестициялық орталық құру мәселесін талқылап алып, Маңғыстау облысы аудандарының бірін пилоттық ретінде алуға келістік. ҰКП өз тарапынан оны құруға қаражат салуға (шамамен 280 млн теңге) дайын екенін атап өткім келеді. Әкімдік те қаржыландыру көрсетуге дайын. Дирекция мен Өңірлік кеңестің ісі: оны жүзеге асыру механизмін дайындау қажет – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы ма, әлде өз жандарыңыздан құрасыздар ма? Бұны енді өздеріңіз білесіздер», - деді Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың аталмыш мәселені бақылауға алуын сұрай отырып.

ҰКП Төралқасының басшысы осыдан соң индустриялық аймақ құру жөніндегі өз ойын жеткізді. Оның айтуынша, Ұлттық палата әкімдікпен бірге, бұл жағдайда ұлттық компаниядан берілетін дүниенің формасы қандай болуы мүмкін екенін анықтау үшін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен жұмыс жасауы қажет.

«Әкімдік теңгеріміне беру сызбасы болуы мүмкін деген ойдамын, ал одан әрі әкімдікпен индустриялық аймақ құру жөніндегі шарттар жасасатын боламыз», - деп атады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер