astana-view

Қазақстанда техникалық қызметкерлер мен басқарушы құрамдағы қызметкерлер жетіспейді

2015 жылғы 29 Қыркүйек
11778 просмотров

Бүгінде инновациялық кәсіпорындар жұмысшы әрі басқарушы-инженер сияқты білікті мамандардың тапшылығына ұшырап отыр.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Қазақстан – Халықаралық білім беру: өзара әрекеттестік келешегі» халықаралық көрмесінің аясында өткен «дөңгелек үстел» отырысында осылай деп мәлімдеді.

ҰКП басшысының орынбасары Қазақстанда инженер-менеджерлерді даярлау қажет, мұндай даярлықсыз кәсіпорындар барынша жоғары қуатымен жұмыс жасай алмайды деп есептейді. Ол сонымен бірге «ИИДМБ кәсіпорындарындағы әрекет етуші басқарушылардың бизнес-даярлығы арқылы кадрлар мәселесін тез арада шешу қажет» екенін баса көрсетті.

«Бүгінгі таңда бизнес айтатын негізгі түйткілдердің бірі техникалық қызметкерлер мен басқарушы құрамдағы қызметкерлердің тапшылығы болып табылады. Бизнес-қоғамдастық басқарушылық дағдыларды техникалық және технологиялық процестерді терең түсінуімен тиімді түрде бірлестіре алатын инженер-менеджерлердің білікті буыны жоқтығы жайлы мәселені бірнеше мәрте көтерді.  Еліміздегі жоғары оқу орындарының ешқайсысында «инженерлік бизнес және менеджмент» факудьтеті жоқ», - деді Нұржан Әлтаев. Ол сонымен бірге басқа елдерде, соның ішінде Ресей Федерациясында инженер-менеджерлердің даярланатынын айта кетті.

ҰКП басшысының орынбасары атап өткендей, көбінесе индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мақсаттарын орындау мақсатында ең соңғы жабдық сатылып алынып, онда жұмыс жасай алатын маманды таппай қалатын жайттар орын алып жатады. Оның үстіне, жаңа технологиялық және техникалық процестермен таныс басқарушылар да жоққа тән.

Бүгінгі таңда кәсіпорындарда жоғары білікті мамандарға деген үлкен қажеттілік бар екенін мәлімдеген «SERPIN» Ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Мұрат Әбенов те оған келіседі. Ол сонымен бірге аталмыш мәселені шешуге нүктелік тұрғыдан келу қажет екенін атады, себебі облыстардағы ахуал да әртүрлі. Мәселен, 9 өңір кадрлар тапшылығын бастан кешуде, ал 5-де, керісінше, артықшылық орын алған. Оның үстіне қайта оқыту мәселесіне салмақпен келу қажет. Мұрат Әбенов хабарлағандай, бүгінде елімізде алған мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын жоғары білімді 500 мың адам бар екен. «Оларды қайта оқыту қажет. Қысқа мерзімдік курстар ұйымдастыру керек», - деп есептейді «SERPIN» Ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығының басшысы.    

«Кәсіптік бағдар беру жұмысы әлсіз жүргізіледі. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде жастар көптеген техникалық мамандықтар жайлы хабарсыз», - деді Мұрат Әбенов. Оның сөзінше, көбінесе оған себеп – тиісті қаржыландырудың жоқтығында.

«Республикада ЖІӨ 9 пайызы адами капитал сапасына жұмсалады. Әрине, мемлекет толық қаржылай қолдау көрсете алмайды, демек, білім беруді жек меншікке беру қажет», - деді Мұрат Әбенов.

«Қазақстан – Халықаралық білім беру: өзара әрекеттестік келешегі» халықаралық көрмесін «Атамекен» ҚР ҰКП «StudyInn» білім беру холдингімен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырғанын еске саламыз. 

Іс-шара соңында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «SERPIN» Ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер