astana-view

ҰКП машина жасау кәсіпорындарын колледждерді қамқорлыққа алуға шақырады

2015 жылғы 01 Қазан
9051 просмотров

ІІІ Қазақстанның машина жасаушылары форумында саладағы кадрлық қамсыздандыру мәселесі талқыланды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев форумның панельдык сессиясында сөз ала отырып, Қазақстанның Машина жасаушылар одағының алғашқылардың бірі болып студенттердің ел колледждерінде алатын білімдерінің нарықтағы шынайы талаптарға сай келмейтіні жайлы түйткілді жеткізгенін баса көрсетті.

«Өндірісті болмашы ғана модернизациялау үшін кадрларды даярлаудың ұзақ процесі және тіпті шетелден жаңа мамандар іздеу қажет екені бәрімізге аян. Мұндай диссонансқа себеп көп, соның бірі ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен басқа да мүдделі тараптардың ведомствоаралық әрекеттестігінің әлсіздігі болып табылады. (...) Еңбек нарығы мен білім беру саласы арасында тұрақты ынтымақтастық пен сұхбат жоқ. КжТББ жүйесі құрылымының барлық деңгейлерінде жұмыс берушілерді қатыстыру және тарту көріністі сипатқа ие», - деді ол.

Нұржан Әлтаев Есеп комитетінің соңғы тексерісі кезінде Білім және ғылым министрлігінің елдегі ғылымды дамытуға бөлінген қаражатты тиімсіз түрде игеріп жатқаны анықталғанын еске салды. «Қателеспесем, 90 млрд. теңге жайлы сөз болып отыр. Бұл жерде Машина жасаушылар одағы үшін де көлемді жұмыс бар деп есептейміз. Күшімізді біріктіріп, ғылымға жұмсалып жатқан ақша қаражатын алдымен техникалық және технологиялық мәселелерімізді шешуге бағыттауымыз керек», - деп атады ол.

Палата басқарма төрағасының орынбасары қаржыландыруды экономиканың шынайы секторын дамытуға жұмсау қажеттігін айтып өтті, «сонда үдемелі индустрияландыру туралы айтуға болады». «Палата бұл мәселеде маңызды провайдерге айналады. Біз міндеттеріңізді ғылым алдына қоюға дайынбыз», - деп жүгінді ол кәсіпкерлерге.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы машина жасау саласының кәсіпкерлерін колледждерді сенімгерлікпен басқаруға қабылдауға шақырады. Сонда ғана кәсіпорындар өздері үшін кадрларды даярлау процесіне ықпалды әсерін жүргізе алады. Ұлттық палата осы тұрғыдан ҚР Білім және ғылым министрлігімен әрекеттестікке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. (...) Біз Машина жасаушылар одағымен өздеріңізді қызықтыратын колледждерді тағы бір рет қарауға, және де аталмыш колледждер базасында сіздер үшін мамандар дайындауға дайынбыз. Осы колледждер кәсіпорындарымыздың қамқорлығына берілуі үшін, бұл мәселені Білім министрлігімен және сәйкес әкімдіктермен бірге пысықтауға дайынбыз», - деп мәлімдеді Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер