astana-view

Питер Корбеттің бизнесті басынан бастау жайлы кеңестері

2015 жылғы 08 Қазан
10157 просмотров

Американдық табысты бизнесмен Питер Корбетт табысты бизнес құру тәжірибесімен бөліседі

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана қаласындағы «Алматы Менеджмент Университет» Өкілдігімен және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен бірге инновацияларды бизнесте қолдану тақырыбына тегін семинар өткізді.

Тренер АҚШ-тан шақырылған маман - iStrategyLabs  сандық жарнама агенттігінің бас директоры әрі идеялық дем берушісі Питер Корбетт болды. Барлық қағидаларды бұзушы қажымас новатор Питердің дәрістері мен тренингтері әлемнің түкпір-түкпірінде талап етіледі. Оның желісі  күллі Американы, Финляндия, Амстердам, Барселона, Лондон, Үндістанды және басқа да елдерді қамтиды.

Ұлттық палата өкілі Дмитрий Савеленконың айтуынша, астаналықтар іс-шараға ерекше ықыласпен үн қатып, семинарға қатысуға 250-ден астам өтінім келіп түскен. «Бұл елімізде ақпарат жетімсіздігі орын алып отырғанынан тағы бір хабар береді. Бірдеңе жасауға дайын адамдар бар, бірақ әрекет жасауды бастау үшін қандай да бір түрткі, ақпарат қажет», - деп атады ол.

Барлығы түгел келген жоқ, алайда зал толды деуге де болады. Дәріскер кешігіп келгендерді сергітіп, әлі де бос орындар қалған алдыңғы қатарларға шақырды. Негізі, мұны дәріс деп атау қиын. Корбетт бірден аудиториямен жұмыс жасай бастады. Ол алдымен кәсіпкер ме, жоқ па, не болмаса кәсіпкер болуды жоспарлап жүр ме, осы жайлы сұрап алды. Сосын келгендердің семинардан не туралы біліп қайтқысы келетінін сұрады.

Қонақ бірнеше жауапты тыңдап алып, өзінің тарихын қысқаша ғана айтып өтті. «Бизнесімді қалай бастадым? Біріншіден, мені жарнама агенттігінен шығарып жіберді. (...) Содан, қамығудың орнына мұны түрткі ретінде пайдаландым. Қалтамда АҚШ-та үш ай тұратын ғана ақша бар еді – шамамен 10 мың доллар. Бірінші жылы өзіме ғана жұмыс жасадым, жұмысшыларым болған жоқ. 11 ай болған кезде бұл идеяны тоқтатуым керек шығар деген ойға келдім, себебі пәтерімде жалғыз жұмыс жасаған едім әрі өзімді жападан жалғыз қалғандай күйде болдым. Сөйтіп, жұмыс жасағаныма 11 ай болды жаңа қызметкерлер жалдай алмаймын, демек, бірдеңені дұрыс жасамай жүрген шығармын деп ойладым. Жан-жаққа түйіндемемді жіберейін деп жүргем, бірақ тағы 1 ай күте тұрайын дедім. Содан жолым болды. Сол айда 2 ірі жоба алып, бұл, біріншіден, кеңсе жайын жалға алуға, екіншіден, алғашқы жұмысшыны жалдауыма мүмкіндік берді», - деді ол.

«Алғашқы жұмыскерімді банктегі шотымда 50 мың доллар көлеміндегі оның толық бір жылдық еңбекақысы жатқанда жалдадым. Сол сәтте кеңсені жалға алдым. Кеңсені бір жылдық жалдау 30 мың доллар тұрды – бұл бір жобамыздың орташа бағасы. «Бір жобаны өзім жасап, кеңсенің ақысын төлей аламын», деп ойладым», - деп есіне түсірді ол.

Бүгінде Корбеттің компаниясы 30 млн. доллар тұрады. Онда шамамен 100 адам қызмет етеді. «Біз өзімізді сандық агенттік деп атаймыз. Жарнама агенттігі немесе PR-агенттік дегеннің не екенін білетін шығарсыздар. Біз тура солай жұмыс істейміз, тек сандық форматта. (...) Инвесторларым болған жоқ. Бизнесімнің әр кірпішін өзім қаладым, және де бұл өте жақсы тәсіл деп ойлаймын», - деп атады бизнесмен.

Осындай шағын кіріспеден кейін кәсіпкер бірден аудитория қойған сауалдарға жауап беруге кірісті. Оларға жауап бере отырып, ол тақтаға ісін бастаушы бизнесмендер үшін өзінше бір жадынама тәріздес қысқаша тезистер жаза бастады. «Бизнесті басынан бастау үшін, ерекше берілген шығармашыл адамдар қажет», - деп мәлімдеді ол.

Одан әрі өзін қалай «таныту» керектігі, яғни клиенттерді тарту туралы сөз болды. «Егер компанияңызды ашқанға дейін беделіңіз жақсы болған болса, онда компания ашқан кезде оларда бизнес заңды әрі сапалы деген қисынды ой туындайды», - деп атады Питер Корбетт.

«Өзіңіз үшін ең жақсы PR-маман болуға тиіссіз. Кәсіпкерлердің екі түрі бар: онша игі іс емес деп ойлайтындықтан, өзін жарнамалауды ұнатпайтындар және басқалардың айтқан сөзіне басын қатырмайтындар. Соңғылар, егер өздерін үздік маманбыз десе, мұның бизнестеріне көмегі тиетінін біледі. Мен өзім үшін үнемі ең үздік жарнаманы жасаймын. Және де бұл өзім туралы көп ойлайтын өзімшілдігімнен емес, өйткені бұл қызметкерлеріме еңбекақы төлеуге көмектеседі», - деді ол.

Питер Корбетт сонымен бірге дизайнерлер, бағдарламалық жасақтама даярлаушылар, жабдықтар жөніндегі инженерлер мен жобалар менеджерлері жұмыс жасайтын компанияның жақсы басшысы болу үшін, өзіңнің де осындай жұмыс тәжірибесіне ие болуға тиістігіңді баса көрсетті. «Өзіңіз дизайнер, бағдарламашы және басқалары болуыңыз керек. Мәселен, мен ұшақ жасау туралы мүлдем ештеңе білмеймін делік. Егер ертең осындай компания құрғым келсе, оның қолымнан келеріне сенімді емеспін. Және де кәсіпкерлер өздері ештеңеден хабары жоқ қызмет саласына кіріп жататыны жиі кездеседі. Мұндай жағдайда жақсылап тұрып дайындалып алуыңыз қажет. Яғни, егер мен ұшақ жасаумен айналысуға шешім қабылдасам, онда мұнымен бұрыннан айналысып келе жатқан өндірушілердің барлығын қадағалап отыратын боламын – олардағы баға қандай, осы туралы оқып жүремін, осы төңіректегі әдебиеттерге жазыламын және жарты жыл немесе бір жыл бойы осы саланы жай ғана зерттейтін боламын», - деп түсіндірді кәсіпкер.

«Үнемі оқи беріңіздер. Мен күніне бірнеше жаңа дүние жайлы хабардар болматын. Күніне жүздеген мақала оқимын. Күні бойы семинар өткізетініме қарамастан, тіпті бүгін де телефонымда 40 мақала күтіп тұр. Оның бәрін кешке дейін оқып тастауым керек. Бұл мен үшін жұмыс емес, бұл менің негізгі мәнім, менің әдетім», - деп қорытты ол.

Питер Корбетт міндеттерін  онлайн да, оффлайн да жүзеге асыра отырып, клиенттерінің ең күрделі міндеттері үшін шешімдер дайындайтын iStrategyLabs сандық жарнама агенттігінің негізін қалаушы әрі бас директоры болып табылады. Оның терең техникалық білім және сандық медиа-қоғамдастықты құру әрі дамытуға деген бағыт алуы іскерлік ептілігі және маркетинг саласындағы қаблетімен үндестікте кеңінен танымал. Оның клиенттері: Disney, ESPN, ABC, NPR, PBS, GE, Microsoft, NASDAQ, Intel, GEICO, American Eagle Outfitters, Pinkberry, Honest Tea, Coca-Cola, Crate & Barrel/CB2, Chase, Rosetta Stone, The US Army, Deloitte, McKinsey, Volkswagen, Audi, Ford, Hilton, Double Tree, Embassy Suites Hotels, Marriott, Sweetgreen және басқа да брендтер.

Питер Корбетт Вашингтондағы шығармашылық әрі технологиялық қоғамдастықтың басты тұлғасы және көшбасшысы болып табылады. Ол көлемді DC Tech Meetup кездесуінің негізін қалап, DCWEEK фестивалін жасады. Ол сандық технологияларды, кәсіпкерлікті дамыту және ІТ-ортада қызмет көрсету келешегі мен трендтеріне деген көзқарасы мен бағалауы үнемі қызығушылық тудырып отыратын жан әрі Good Morning America, Time Magazine, NPR, The Washington Post, CNN.com, Inc. Magazine, Wired және GigaOm сияқты БАҚ-тың тұрақты қонағы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер