astana-view

Іскерлік байланыс орнатудың бірегей мүмкіндіктері

2015 жылғы 12 Қазан
- Астана қаласы
9611 просмотров

Қазақстандық–украиндық бизнес форум екі елдің 500 делегатының басын қосты

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина басшысы Петр Порошенконың қатысуымен өткен жылдың көлемді бизнес-оқиғасын ұйымдастырып, оған шағын және орта бизнестің 50-ден астам өкілі қатысты.

Форум екі елдің шамамен 500 делегатының басын қосты. Олардың арасында бизнес өкілдері ғана емес, авиақұрылыс, тау-кен өндіру салалары, машина жасау, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласында маманданған ірі компаниялар басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдері де болды.

Тараптар В2В форматындағы екі жақты кездесулер өткізу барысында екі елдің экономикалық әлеуетін талқылап, ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды. Оның үстіне кәсіпкерлер бір-біріне инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынып, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Іскерлік оқиғаның басты тұсы екі мемлекет көшбасшыларының қатысуы болды. Мемлекет басшылары алдын-ала «2015-2017 жылдарға арналған Украина – Қазақстан» стратегиялық іс-қимыл жоспарына қол  қойған еді.

Екі елдің кәсіпкерлері өз кезегінде бүгінгі форумға жоғары баға беріп үлгерді, себебі болашақ ынтымақтастық үшін іскерлік байланыстарды орнатудың бірегей мүмкіндігінің орайы келген еді.

«Қазақстандық нарықты егжей-тегжейлі зерттегіміз келеді, және де жергілікті компаниялармен кооперацияға бірлесіп, бірлескен өндірісті іске қосуға дайынбыз. Өзара тиімді қатынастарды дамыту үшін зор әлеуетті көріп отырмыз және Қазақстанның шағын және орта бизнесімен тәжірибе алмасуға ашықпыз», - деп бөлісті украиндық «Элна Сервис» өндірістік компаниясының өкілдері.

Аталмыш компанияның Украинадағы тұрмыстық электр жылыту аспаптарының кең сұрыпталымын дайындаумен, енгізумен және шығарумен айналысатын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын болып табылатынын атап өту керек. Компания өкілдері серіктестер іздеу жолында елордалық Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Жақын арада екі тарап ынтымақтастық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер