astana-view

Қазақстанның үздік тауары: «Арайстроймаркет-2003» ЖШС – байқауға алғаш рет қатысу жеңіспен аяқталды

2015 жылғы 13 Қазан
10148 просмотров

Импорттың орнын алмастыратын отандық тауарды өндіруші өз бизнесі және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысқаны жайлы сөз қылды

Жамбыл облысындағы белгілі құрылыс компаниясы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС ұраны – ешқашан да қол жеткізген жерде тоқтап қалмау. Олар жол құрылысымен айналыса жүріп, карьерлерді дайындауды да бастап кетті. Сонымен бірге өз құрылыс материалдарын қолдану да қажет еді. Әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар тұрғыза жүріп, осы тұста импорттық материалдарды көптеп сатып алуға тура келетініне назар аударды. Содан, Қазақстанда алғаш боп алюминий және биметалл радиаторлар өндіруді қолға алуға бел буады. 2015 жылдың басында өндірісті іске қосып, тамыз айында компания жаңа өніммен «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында бірінші орын алады. «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев бізге берген сұхбатында осы жайлы сөз қозғады.

- Бейсен Бөгенбайұлы, компания туралы айтып берсеңіз қазақстандық нарықта жүргендеріңізге қанша болды, жұмыстың негізгі бағыттары қандай?

- Компаниямыздың негізі 2003 жылы қаланған, бүгінде «Арайстроймаркет-2003» ЖШС құрамында 10-нан астам еншілес компания бар. Бірнеше бағытта жұмыс жасаймыз, басымдылықты бағыт ғимараттар мен құрылымдардың күрделі құрылысы, автомобиль жолдарын салу, сонымен бірге толық циклды іске асырамыз. Яғни шағыл, құм, електен шыққан құм, қиыршық тас өндірілетін жеке карьерлеріміз жасалуымен бірге түрлі таңбадағы бетонды да шығарамыз. Жақында жаңа жоба – асфальтты-бетон зауытын іске қостық. Бүгінде бұл облыстағы, және де Қазақстандағы үздік зауыттардың бірі, себебі онда еуропалық елдер – Италия, Германия технологиялары қолданылады. Өндіріс процесін басқару толық автоматтандырылған. Компаниямыз сонымен қатар құрылыс материалдары мен темір-бетон конструкцияларға зертханалық зерттеу жүргізу сертификатына ие. Электр қызметтерінің толық аясын ұсынамыз. Жертөлелер қабырғасы, жолдағы бүйірлік тастарға арналған бетон блоктарды әзірлеу де ұйымдастырылып, сертификатталған. Сонымен қатар пластикалық конструкциялар дайындаймыз. Иелігімізде сонымен қатар жеке меншік білім беру кешені – «Інжу-Тараз» балабақшасы бар. Бұл біздің әлеуметтік жобамыз. Онда бүгінде 600-ден астам бала білім алып жатыр. Биыл қосымша 100-200 орынға кеңейткіміз келеді. Тасымалдау қызметтерін көрсетеміз. Тағы бір нысан – қонақүйіміз бар. Оны Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға қарсы ашуды жоспарлап отырмыз. «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынылған өнімді 2015 жылдың қаңтар айында өндіре бастадық. Енді, міне, байқауға алғаш қатысуымыз жеңіспен аяқталып отыр.

- Осы жерден тоқтап, өндірілетін тауарлар туралы егжей-тегжейлі айтып беруіңізді сұраймыз.

- Әрине. Нысандарды салып жатқан кезімізде, мәселен, «Қолжетімді баспана-2020» бағғдарламасы бойынша, онда импорттық тауарлардың қаншалықты үлкен көлемі сатылып алынып, қолданылатынын байқаймыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев импорттың орнын алмастыру жөнінен жұмыс жасау керектігін сан мәрте айтқан болатын. Содан, осындай тауарды елімізде алғаш боп шығаруға бел будық. Үш түрлі радиатор шығарамыз - 80 мм және 90 мм алюминий мен 80 мм биметалл. Аталмыш инвестициялық жобаның қуаты жылына 250 мың секцияны құрайды, жоба құны 1 миллион доллардан асады. Бұл қаражаттың бір бөлігі – «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы банктен алынған қарыз. Бұл шамамен 124 миллион теңге. Қалған 60 миллион теңгедей қаражат – бұл жеке өзіміздің қатысуымыз. Аталмыш өнімді шығара бастағанда 20-ға жуық жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күнде жұмысшылардың орташа еңбекақысы 70 мың теңгені құрайды. Тауар сатылымы көлемі көбейген жағдайында еңбекақы өсетін болады, жаңа жұмыс орындарын да ашамыз.

- Радиаторларды қайда сатуды жоспарлап жүрсіздер – ішкі нарықта ма немесе экспорттау ойластырылған ба?

- Атап өткенімдей, әлеуметтік нысандар салып жатырмыз. Осылайша, радиаторға деген қажеттілігімізді толығымен жабамыз. Сонымен бірге, өніміміз облыс аумағында белсенді түрде сатылып жатыр. Жақында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің басшы құрамымен кезлесу өтіп, оның барысында тауарымызды жеткізу туралы алдын-ала келісуге қол жеткізілді. Уақыт өте келе экспортқа да шығара аламыз деген ойдамыз.

- «Қазақстанның үздік тауары» байқауы туралы өз ойыңызбен бөлісе отырсаңыз сіз үшін қаншалықты қызықты, объективті өтті?

- Қызықта әрі объективті болды. Байқау тиісті деңгейде ұйымдастырылыпты. 50-ден астам қатысушы болды, және де көпшілігі, тіпті орын алмағандар да оған лайықты. Облыстың барлық 10 ауданының өнімі ұсынылғаны қуантады. Өңірдегі көптеген кәсіпорындар кеңеюде. Өндірілетін өнім сапасы өсіп келеді. Бұл көбінесе үкімет деңгейінде қабылданған оннан астам мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларының арқасында орын алып жатыр. Олар отандық өндірушілерге қазақстандық өнімді өндіруде және өткізуде көмектеседі. Сондықтан да біз, жеңімпаздар, өнімімізді Астанада өтетін байқауда ұсынған кезде, Қазақстанға ең үздік, ең жаңа тауарларды көрсетеміз де, оларды өндіруде инновациялық технологияларды қолданатынымызды дәлелдейтін боламыз.

- Жауап бергеніңізге рахмет. Республикалық байқауда сәттілік тілейміз. Жеңіспен оралыңыздар!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер