astana-view

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы: қолжетімді әрі тиімді

2015 жылғы 19 Қазан
- Қостанай облысы
12747 просмотров

Жыл өткен сайын бейқаржылық қолдауға деген сұраным өсуде әрі бизнесмендер арасында танымалдығы артуда

Үстіміздегі жылдың өзінде Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (КҚО) консультация сұрап келген клиенттер саны үш еседен асып түскен.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында хабарлағандай 2015 жылғы 9 айда 9 229 клиент 14 727 консультация алған. Өткен жылы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінгендер саны 2 600 құраған.

«Мұндай консультациялар жеке ісін ашуды немесе бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүргендер үшін  бастапқы әрекет нүктесі болады. Палата менеджерлері қызмет көрсетіп қана қоймай, ақтық нәтиже алу мақсатында клиенттерді сүйемелдейді: қаржы институттарына және даму институттарына өтінім беру үшін қажет құжаттар жинауда көмек көрсетеді, бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетеді, кәсіпкерлік қызмет негіздерін үйренуге жібереді», - деп баса көрсетті ӨКП директоры Мұрат Әбенов.  

Осы жылдың басынан бері КҚО-ға жүгінген 234 клиент жеке бизнес ашу мүмкіндігіне ие болып, 68 кәсіпкер «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша шығынның орнын толтыруға субсидия алды, 214 жоба мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылды.

«Мәселен, Жітіқара ауданында Ержан Омаровқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 3 млн теңге сомасына микрокредит ресімдеуге толық сүйемел жасалды. Кредиттің нысаналы мақсаты – профильдік табақ өндіруге айналымдық қаражатты толықтыру. Федоров ауданында Владимир Киценко «Құлан» бағдарламасы бойынша аналық жылқы мен айғырлар сатып алуға 17,5 млн. теңге сомасына кредит алды. Кәсіпкерге бизнес-жоспар жасауда көмек көрсетіліп, консультанттар «Аграрлық кредиттік корпорация» талабы бойынша жобаға өзгертулер енгізді», - деп атады Мұрат Әбенов.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 2015 жылдан бері Қостанай облысы аудандары мен моноқалаларында Палатаның 19 филиалы базасында әрекет етіп жатыр. Орталықтардың мақсаты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат беру, бизнес ашу және жүргізу бойынша консультация беру, қаржы институттарымен жұмыс шартын түсіндіру болып табылады.

КҚО базасында тұрақты негізде немесе кесте бойынша басқа ұйымдар өкілдерін «бір терезе» қағидатымен орналастыру да маңызды басымдылық болып табылады: «Қазагромаркетинг» АҚ, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы және басқалары. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер