astana-view

Істі қарайық, бірақ заңнан аттамайық

2015 жылғы 21 Қазан
8897 просмотров

Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына дауды сотқа жүгінусіз шешудің жаңа тәсілі ұсынылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің алқа отырысында депутаттар «Төрелік туралы» заң жобасын мақұлдады. Әділет министрі Берік Имашев заң жобасын ұсына отырып, аталмыш заңның төрелік саласындағы бірыңғай заң болатынын атады. Заң жобасын дайындау халықаралық төрелік пен аралық сот қызметін реттейтін екі арнайы заңды шоғырландыруға бағытталған. Осыған орай дайындаушылар «Аралық сот туралы» және «Халықаралық төрелік туралы» ҚР заңдарының күшін жоюды және олардың орнына «Төрелік туралы» заң жобасын қабылдауды ұсынады.

«ҚР резиденттерінің конституциялық өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғау құқығын толыққанды жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсатында төрелік және аралық судьялардың, соңғылар үшін шектеулерді алып тастау жолымен, жағдайы теңестірілді», - деді Берік Имашев.

Заң жобасында төрелікке, дауда халықаралық элемент болу-болмауына қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы жеке құқықтық даулардың барлығын жатқызу ұсынылды. Заң жобасы авторларының қисынды ойына сүйенсек, ерекше жағдай заңда белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетті кәмілетке толмаған тұлғалардың мүддесі қозғалатын дауларға таралады. Сонымен бірге арбитраждық тыйымды мүліктікке байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларға, банкроттық және оңалту туралы дауларға, сондай-ақ табиғи монополиялар мен олардың тұтынушылары арасындағы дауларға қолдану ұсынылды.

«Бір жақтан Қазақстан Республикасы резиденттері және екінші жақтан мемлекеттік органдар, мемлекеттік сыңайлы сектор арасындағы дауларды төрелік тек сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімімен ғана қарай алады», - деп атады әділет министрі.

Заң жобасында сонымен қатар төрелік келісімнің автономдылығы қағидаты ұсынылған. Ол арбитраждық түсіндірме шарттың басқа талаптарынан тәуелсіз келісім ретінде түсінілуге тиіс екенін білдіреді. Төрелік талқылаудың құпиялылығын қамтамасыз етуге кепілдік беру үшін төрешілер мен төрелік талқылау тараптарының дауды қарау кезінде белгілі болған мәліметтерді жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілік ұсынылды.

Заң жобасы сонымен бірге төрешілердің мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ табиғи мономонополия субъектілері жанында білім алуына тыйым орнатады. Тауарлар мен қызметтер нарығында басым орын алатын субъектілердің, дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың төрелік қызмет жасақтауына да тыйым салынады. Әділет министрі Берік Имашев аталмыш шектеулерге түсінік бере келіп, бұл нормалардың сыбайлас жемқорлық бұзуларды және төрелік шешім қабылдауға сырттан ықпал ету факторларын болдырмауға мүмкіндік беретінін түсіндіріп өтті.

Заң жобасында төрешілерге қойылатын талаптар да бар. Оларға қойылатын біліктілік талаптары жоғары. Мысалы, олардың жасы 30-дан асқан, жоғары білімді, сәйкес саладағы үздіксіз жұмыс өтілі кем дегенде бес жылды құрауы керек. Заң жобасының авторлары Қазақстанның Төрелік палатасының құрылуын да алға тартады. Бұл мекемені тұрақты төрелік мекемелері мен төрешілердің бірлестігі болып табылатын коомерциялық емес ұйым ретінде көріп отыр.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, алда – Мәжілістің алқа отырысындағы екінші талқылау. Онда жоба баптар бойынша қаралады.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер