astana-view

Өнімді ХАССП қағидатымен шығару

2015 жылғы 28 Қазан
11890 просмотров

Техникалық реттеме талабын сақтамағаны үшін кәсіпорын жұмысы тоқтатылуы мүмкін

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинар-тренингте тамақ саласының өкілдеріне осындай ақпарат берілді.

Мәскеулік бейіндік жоғары оқу орнының жоғары білікті оқытушылары қазақстандық азық-түлікшілерге «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 КО ТР талаптарына сәйкес НАССР қағидаттары негізінде тағам өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі туралы айтып берді.

«Аталмыш семинарды өткізу қажеттілігі қазірде, Кеден одағының 201/2011 техникалық реттемесіне сәйкес, тамақ өнімдерін өндіру процесін жүзеге асыру кезінде әзірлеушінің НАССП қағидаттарына негізделген процедураларды дайындап, енгізіп, қолдауға тиіс болуымен шартталып отыр. Техникалық реттеме талаптарын орындау міндетті. Қазақстан Республикасында аталмыш талаптарға сәйкес келмегені үшін кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға дейін баратын әкімшілік жауапкершілік орнатылған», - деп түсінік беріп кетті «Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев.

Ұйымдастырушылардың ойынша, аталмыш семинар тыңдаушылардың ХАССП принциптері негізінде өндіру, сақтау және тасымалдау процесінде өз бетінше жұмыс жасау үшін тәжірибелік дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді. Оқыту бағдарламасы теориялық және тәжірибелік сабақтардан, тренингтер мен қорытынды тестілеуден тұрады. Семинарды тыңдаушыларға оқу-әдістемелік және таратпа материалдардың, нормативтік құжаттардың электронды нұсқадағы (қосымшада) толық кешені ұсынылды.

Семинар-тренинг соңында атаулы сертификаттар табысталды.

Өндіріс жөніндегі ХАССП құжаттарымен мына жерде танысуға болады

Қоғамдық тамақтану жөніндегі ХАССП құжаттарымен мына жерде танысуға болады

КО Техникалық реттемесімен мына жерде танысуға болады

Іс-шараға қатысушылардың семинар туралы пікірлерімен мына жерде танысуға болады

"Сертис-М" ӨК дербес сертификаттау органының хатымен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер