astana-view

«Алтын сапа» комиссиясының жұмысына блогерлер шақырылды

2015 жылғы 30 Қазан
8706 просмотров

Осылайша, «Атамекен» ҰКП байқау жұмысының одан да ашық бола түсуін қамтамасыз етпек

«Алтын сапа» байқауында материалдарды таңдау – бұл өте көп еңбекті қажет ететін жұмыс. Ол үшін түрлі сала сарапшылары тартылуда. Қазір көпшіліктің іріктеудің қалайша жүріп жатқанын түсінбеуіне тап болып отырмыз. Іріктеу критерийлері айрықша, сондықтан да адамдар балдардың не үшін қойылып жатқанын, неліктен беріліп жатқанын түсінбейді. Дұрыс түсінік орын алуы үшін, өз тарапымыздан бастама жасап, комиссияға екі блогерді қостық», - деп хабарлады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова.

Департамент директоры Ұлттық палатаның жұртшылық өкілдерінің көмегімен байқау ашықтығын арттырып, жеңімпаздарды анықтау процесінің қалай жүріп жатқанын көрсеткісі келетінін атап өтті. «Блогерлер бірінші күннен бастап мұның салмақты еңбек екенін, байқау құжаттарын қарау үшін, оны түсіну үшін тәжірибелі маман болу керектігін түсінді», - деп жалғады сөзін Салтанат Әбдікәрімова.

«Біз оларды сараптау тобына қостық, яғни олар өз бағаларын қоюға құқылы. Бірақ олар айтарлықтай қиын түйткілге тап болып отыр. Қазір мәселенің басын ашып алуға тырысуда. Бірақ бұл олардың құқығы – не тыстан бақылаушы ролін алады да, процесс жайлы жай ғана жұртқа айтып береді, не жеңімпаздарды таңдауға қатысатын болады», - деп түсіндірді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер