astana-view

Доллардан арылатын уақыт келді ме?

2015 жылғы 02 Қараша
9545 просмотров

Қазақстанның Ұлттық банкі тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бағасын доллармен көрсететіндерді жазалайтын болады

«Атамекен» Ұлттық палатасына 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан экономикасын дедолларлау деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.1.8, 3.1.9, 3.4.19 тармақтары бойынша ҚР Ұлттық банкінен сұрау келіп түсті.

Ұлттық банк аталмыш тармақтардың орындалуын бекітуді және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы жобасының аясында нығайтуды ұсынады. Атап айтқанда, тауарлар, жұмыстар және қызметтер бағасын шетелдік валютамен өлшеуге және бағаны доллармен көрсетуге тыйым енгізу, ал аталмыш талапты бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылады. Оның үстіне, Ұлттық банк бұдан былай Қазақстан аумағында шетелдік валютамен қолма-қол айырбастау операцияларын тек уәкілетті банктерде ғана өткізуді де ұсынады.

Осыған орай «Атамекен» кәсіпкерлік қоғамдастықтың бей-жай қалмай, аталмыш нормалар бойынша ескертулері мен ұсыныстарын finance@palata.kz  мекенжайына үстіміздегі жылдың 4 қарашасы, сағат 15.00-ге дейін жіберуін сұрайды.

2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан экономикасы дедолларлануын төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер