astana-view

Салық түйткілдері – сотқа дейінгі тәртіпте

2015 жылғы 03 Қараша
- Қостанай облысы
12148 просмотров

Қостанайлық бизнесмендердің салық органдарындағы ұстанымын Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қорғауға дайын

«Атамекен» ҰКП дауды сотқа дейін шешу аясында кәсіпкерлердің мүддесіне ресми өкілдік етуге кірісуде.

Мұндай жүйе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінде көзделген. Кәсіпкерлер салықтық тексерістің нәтижелерін сотқа дейінгі тәртіпте, сенімхат негізінде, уәкілетті өкіл арқылы даулай алады.

«Мұндай тексерістердің салықты негізсіз үстеп есептеуге әкелуі мүмкін екені құпия емес, ал бұл, өз кезегінде, жеке алғанда кәсіпорынның қаржылық әл-ауқатына кесірін тигізуі мүмкін. ҰКП осыны ескере отырып, Мемлекеттік табыс комитетінде кәсіпкерлер шағымдарының салықтық тексерістер нәтижелеріне қаралуы барысында оларға уәкілетті өкілдік ету тәжірибесін енгізуде. Аталмыш шара сотқа берілетін апелляциялар санын қысқартуға және түйткілді салықтық әкімші деңгейінде шешуге мүмкіндік береді», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.

Палата бастапқы кезеңде мониторингте тұрған ірі салық төлеушілердің, жер қойнауын пайдаланушылардың, үстеме есептеулері трансферттік баға белгіленуі туралы заңнаманы қолданумен байланысты салық төлеушілердің, үстеме есептеулер сомасы жеке кәсіпкерлер үшін 5000 АЕК және заңды тұлғалар үшін 20 000 АЕК құрайтын салық төлеушілердің мүддесін танытуды жоспарлап отыр. Кейін аталмыш тізбе кеңейе бермекші.

Осылайша, кәсіпкерлер ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитетіне шағым берген жағдайда, олар мүдделерін таныту үшін Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер