astana-view

Шарттың құны ақшадан қымбат

2015 жылғы 05 Қараша
7562 просмотров

Сібірлік жол құрылысшылары қазақстандық кәсіпкерлерді алдап соқты

БҚО бизнесмендері Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жосықсыз әріптестерінен қарызын қайтаруға көмектесуін сұрайды

Биылғы жылдың қыркүйек айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтына БҚО кәсіпкерлері - «Сана-Строй» ЖШС, «Регион Запад» ЖШС, «Ирмекбаев Б.Ж.» ЖК және «АЯН» жеке кәсіпкерлігінен өтініш келіп түсті.

Бизнестмендер хатта Түмен қаласындағы (РФ) «Дорожно-строительное предприятие» ЖШҚ-дан қарыздарын төлетуге көмек сұрайды.

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшылары анықтағандай, «КазДорСтрой» түмендік фирмамен келісімшарт жасасқан екен. Келісімшартқа сәйкес ресейліктер Орал қаласы әуежайындағы ұшып-қону жолағының, бұру жолы мен перрондағы жасанды құрылымдарды қайта қалпына келтіруге тиіс болған. Алайда түмендік жол-құрылыс фирмасы бүкіл жұмысты қосалқы мердігер – омбылық «Сибстроймонтаж» компаниясына қайта жүктеген.

Қосалқы мердігер өз кезегінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп, нысанға материалдарды жеткізуді қамтамасыз ету үшін қазақстандық фирмалармен шарт жасасқан («Сана-Строй» ЖШС, «Регион-Запад» ЖШС, «Ирмекбаев Б.Ж.» ЖК және «Аян» ЖК).

Кәсіпорындар шартты орындап, барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі және материалдар белгіленген мерзімде, 2014 жылғы қараша-желтоқсан айларында жеткізіледі. Бұны орындалған жұмыстар актісі растайды. Бірақ … «Сибстроймонтаж» шарттар бойынша есеп айырыспаған, телефон қоңыраулары мен хаттарға жауап бермеген.

Өңірлік палатаның құқықтық блогы сарапшылары облыс прокурорына, БҚО бойынша Мемлекеттік табыс департаменті мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментіне хат жазып жүгінді. 

Осы жылдың 3 қазанында облыстық мемлекеттік табыс департаменті «Сибстроймонтаж» басшылығына қатысты «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

6 қазанда істі көлік прокуратурасына беру туралы қуалы шығарылып, ол қылмыстық істі әрі қарай тергеу үшін Орал станциясындағы Ішкі істердің желілік бөлімі (ІІЖБ) Көліктегі ішкі істер департаментіне береді. Ұжымдық өтініштің бұдан арғы қаралу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер