astana-view

ҰКП Экономикалық ынтымақтастық және дамуы ұйымының Ұлттық банкке ұсыныс беруін сұрап отыр

2015 жылғы 06 Қараша
9482 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы монетарлық саясатты ұйымның ел көлемінде жасайтын шолуына қосу қажет деп есептейді

ЭЫДҰ сарапшылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында болып қайтты. Кездесу барысында ұйым өткізетін елге кешенді шолудың бірінші кезеңінің нәтижелері жеткізілді. Сонымен қатар, Ұлттық палатаның талдауға қандай тұстарды қосу қажеттігі жайлы ұсыныстары тыңдалды.

«Қазірде Ұлттық банк айналысып жүрген монетарлық саясат барлығын толғандырады. Бұл, бірінші кезекте, тұрақсыз бағам. Оның салдарынан бәрі де құлдырауда. Банктер кредит бермейді, бәрін валютамен ұстап отыр. Болжамды тұрақты бағам болуын бәрі қалайды. Оны қалай істеуге болады – әлі күнге дейін шешімі табылмады. Әзірше кәсіпкерлер пайдасына жасалған шешімді көріп отырған жоқпыз, себебі кредитті оларға теңгемен емес, валютамен ғана беріп жатыр. Бұл жағдайда тұжырымдамалық өзгерістер қажет», - деді басқарушы директор – ҰКП экономика департаментінің директоры Нұрлан Сақуов.

Оған ЭЫДҰ Даму орталығының экономисі Хуан Де Лайглесиа жауап берді. Оның айтуынша, ұйым сарапшыларының бірі Қазақстанның Ұлттық банкі өкілімен кездескен екен. Ол сонымен қатар екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен кездесулерді жоспарлап отыр. «Бұл жағдайдан шығар жол тауып, белгілі бір ұсыныстар жасаймыз деп ойлаймын», - дейді сарапшы.

Нұрлан Сақуов отырыс кезінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ЭЫДҰ ұқсас функцияларды атқаратынын, сондықтан да тығыз ынтымақтасуға тиіс деп атады. «ҰКП сонымен қатар талдау жүргізіп, бизнесті қорғай отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бағалайды. Біз халықаралық тәжірибені зерттейміз және бизнес үшін де, жалпы Қазақстанның экономикасы үшін де жағдайды жақсартуға тырысудамыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біз аса тығыз ынтымақтастықта болуымыз қажет», - деді ол.

Хуан Де Лайглесиа Қазақстанның экономикасына жасалған диагностиканың бірінші сатысының нәтижелері жайлы айта келіп, қуантпайтын ахуалды белгілеп берді. «Біз ЭЫДҰ елдерінің жан басына шаққандағы табыс деңгейіне жету үшін, Қазақстанның 2050 жылға дейін жыл сайын 4% қадаммен дамуы қажет екенін айқындадық. Егер Қазақстанның даму тенденциясына көз салар болсақ, шамамен 2000 жылдан бастап 2012-2013 жылдарға дейін ол аса прогрессивті болған. Соңғы жылдары сонша алға жылжу жоқ», - деп мәлімдеді ол.

Сарапшы сонымен қатар қазақстандық шикізаттық емес материалдарды экспорттаудың төмендеуін атады. «Инвестициялар және тіпті еңбекті біршама өнімді секторларға ауыстыру жолымен, сондай-ақ өнімділік факторын көтеру үшін, құрылымдық реформаларды енгізе отырып, дамудың жаңа жолдарын табудың салмақты қажеттілігі бар», - дейді Хуан Де Лайглесиа. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер