astana-view

Отандық тауар өндірушілер «еншілестермен» келісетін болады

2015 жылғы 10 Қараша
8677 просмотров

ҰКП отандық тауар өндірушілердің «Қазақстан Инжиниринг» АҚ еншілес және тәуелді компаниялар топтарымен кездесу ұйымдастырады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында отандық компаниялар және «Қазақстан Инжиниринг» АҚ еншілес және тәуелді компаниялар топтары арасында ұзақ мерзімдік шарт жасасу мәселелері талқыланады.

Талқылауға техникалық мамандар, сондай-ақ тауарларды сатып алу бойынша шешім қабылдауға уәкілетті құзырлы тұлғалар шақырылады.

Жиналысқа қатысу үшін a.kairzhanov@palata.kz электронды мекенжайына аты-жөні, лауазымы мен байланыс нөмірі, өндіретін өнім тізбесі, сонымен қатар, бар болса, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ компаниялар тобымен ұзақ мерзімдік шарттарды жасасу және жүзеге асыру кезінде орын алған түйткілді мәселелер тізбесін көрсетумен қатысушылар тізімін жолдау қажет.

Өтетін күні және орны: 2015 жылғы 12 қараша, 16:00, Қонаев көшесі, 8, "Изумрудный квартал" әкімшілік ғимараты, "Б" блогы, 26 қабат, «Түркістан» конференц-залы.

Қатысушыларды тіркеу - 11 қараша, сағат 12:00 дейін.

Туындаған сауалдар бойынша +7 7172 919 359 (ішкі 1991) телефонымен Мемлекеттік сатып алу және жергілікті мазмұн департаментінің сарапшысы Арман Қайыржановқа жүгініңіздер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер