astana-view

Азат Перуашев: «Нанның барлық түріне баға ұстап тұру- дұрыс емес»

2015 жылғы 12 Қараша
12845 просмотров

Нан өнімдерінің барлық түрлеріне баға ұстап тұру қисынсыз

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев palata.kz сайтына берген сұхбатында өз аргументтерін келтірді.

-  Азат Тұрлыбекұлы, жақында Мәжілістегі үкіметтік сағатта Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Үкіметтің әлеуметтік нан бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуы мүмкін екендігін басып айтты. Оның бағасын еркін қолданысқа жіберуі мүмкін. Сіздің пікіріңіз қандай?

- Нан бағасын ұстап тұрумен, біз оны өз бағасынан төмен бағаға сатуға мәжбүрлейміз. Наубайханалар жұмысының тоқтауы мен жабылып қалуы тегін емес. Нан бағасында ұнның бағасы аз пайызды алады, бағаға сонымен қатар көлік,  электр энергиясының шығыны, оған қоса майдың, дрождың, қант пен тұздың шығыны қосылады. Оның құрамы өте көп. Біз кедейлерді қолдау үшін нан бағасын ұстап тұратын болсақ, онда біз бағаны барлық  халық үшін ұстап тұрамыз. Мұндай тәсіл үнемсіз және ақылға сыймайды.Аз қамтылған отбасыларды, әрине, қорғау қажет. Бірақ сонымен қоса оларды қалай қамтамасыз ету керек? Сонда біз жоғарғы сұрып нанының бағасын да, жай наның бағасын да ұстап тұрмыз. Негізі, егер адам кедей болса, онда ол бірінші сұрып нанын да жейді. Ал біз барлық нан өнімдерінің бағасын ұстап тұрмыз. Бұл дұрыс емес, бұл нарықтық механизм емес.

-  Мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін әлеуметтік бір нанның  нарықтық бағасы 90 теңгені құрайды дейді. Бұл тым қымбат емес па?

-   Бұл басқа мәселе. Дағдарыс болсын, болмасын, бизнестің көп пайда тапқысы келетіні рас, әсіресе, үнемі сұранысқа ие азық-түлікте. Кәсіпкерге калькуляцияға мән беріп, оның қаншалықты негізді екенін білу қажет. Және екінші кезең- бұл көптеген кәсіпорындар жұмыс істейтін бәсекелестік нарығы.Нарыққа қатысушылар арасында баға туралы келісімнің, картельдік келісімнің  болмауы керек. Бұл үшін бәсекемен күрес комитетінің өзінік құралдары бар.

-   Нан бағасын белгілеу, бензин бағасымен болған жағдайды еске түсіреді. Қазақстан-мұнайлы ірі мемлекет, біздегі өндіріліп жатқан мұнаймен әлемнің жартысын қамтамасыз етуге болады. Бірақ соған қарамастан, біздегі бензин бағасы үнемі өсіп отырады. Енді міне, нанмен да солай болып отыр. Біз жыл сайын астықтың мол өнімін аламыз, біздің бидай әлемде өз бағасын алуда, алайда, Ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбеков айтқандай, ішкі нарықты арзан нанмен қамтамасыз ету мүмкін емес.

-  Бұл жерде мәселе мынада. Егін өздігінен өспейді, оны адамдар егеді, еңбек етеді. Егінді салу керек, оны қорғау, жинау керек, ал бұл-ЖЖМ-ға, химикаттарға, тұқымға, тыңайтқыштарға кететін шығын. Бұл үлкен еңбек. Осыған орай, адамдар да еңбектерінің де лайықты бағаланғанын қалайды. Әрине, сауда барысында осы астықтың пайдасын делдалдар және трейдерлер көретінін түсінемін. Ал негізінде пайданы оны өсірушілер көруі керек. Бұл нарықтық еңбекті бөлудің мәселесі.

- Өзіңіз жейтін нанның сапасы туралы не айтасыз?

-  Жай  нанның сапасы менің көңілімнен шықпайды, мен қолдың нанын жақсы көремін. Біз нанды уйде пісіреміз.

Жанар Сердалина


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер