astana-view

ЭКСПО үшін шын ниетпен

2015 жылғы 17 Қараша
8634 просмотров

Ақмола облысы Астананы «жасыл экономикамен» жабдықтайды

Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында облыс аумағында бірнеше жел-электр станциялары салынады. Өңір әкімі Сергей Кулагин ЭКСПО-2017-дегі Ақмола облысының үлесі қандай болмақшы деген сауалға жауап бере отырып, бүгін өткен брифингте осындай жауап қайтарды. «Жұмыс жасап тұрған бір жел-электр станциясы салынып қойған, қазір Аршалы ауданында тағы біреуін тұрғызу туралы мәселе пысықталуда, жер бөліп бергенбіз», - деді әкім. Дәл осындай жел электр станциясы Шортанды ауданында да тұрғызылады. Ал Целиноград ауданының аумағында тағы бір күн электр станциясы бойы көтермекші. Жер берілді, деп сендірді Сергей Кулагин. Мұндай жобалар Зеренді және Атбасар аудандарында да жүзеге асырылуы әбден мүмкін.

Облыста сонымен қатар ЭКСПО-2017 қонақтары үшін Щучинск-Бурабай шипайжай аймағының бар әсемдігін көрсетуге дайындық жүріп жатыр. Әкім осы мақсатта «қызықты жоба» дайындалып жатқанын атап өтті. Шетелдіктер Бурабайдың қайталанбас орындарынан басқа Қорғалжын қорығына бара алады. «Қазір шешуге тырысып жатқан жалғыз түйткіл – бұл сол жаққа баратын жолды жөндеу. Егер жол болатын болса, бұл өте қызықты жоба болмақшы», - деді Сергей Кулагин. Әкім берген деректерге сүйенсек, жолдардың ұзындығы 120 шақырымды құрайды.

Ақмола облысының елорда маңындағы аудандары –Ақкөл, Бұланды, Шортанды, Бурабай аудандарында орналасқан қолданыстағы қонақ үйлер, демалыс үйлері, шипажайлардың нөмірлер қорын кеңейтуге кірісіп кетті. Жатын орындар саны жалпы 12 мыңға дейін көбейтіліп, 2017 жылға қарай демалыс орындарында қосымша 1500 орын енгізу жоспарланып отыр.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер