astana-view

Шенеуніктер бизнесмендерге кедергі келтіргенде

2015 жылғы 18 Қараша
8882 просмотров

Республикамызда жарты жыл ішінде лауазымды тұлғалардың заңды кәсіпкерлік қызметке 17 кедергі келтіру оқиғасы тіркеліпті

«Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті, бесінші отырысында Ұлттық палатаның Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко осылай деп хабарлады.

«Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнестің, жалпы кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын кәсіпкерлік кедергілерді жою жөнінде шаралар қолданылып жатыр. Статистика көрсетіп отырғандай, мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар тарапынан азаматтардың заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға деген құқығын бұзушылықтар да тоқталар емес. Лауазымды тұлғалар тарапынан болатын осындай заңға қайшы әрекеттердің жағымсыз тенденциясы алаңдатады», - деп атады ӨКП өкілі.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті берген деректерге сүйенсек, 2014 жыл бойында кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау деректері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде үш іс сотқа жолданған және бір іс мойнына алып, өкіну білдіргені үшін, яғни қайта ақтамайтын негіздемелермен тоқтатылды.

«Үстіміздегі жылдың 6 айында аталмыш санатта 17 қылмыстық құқық бұзу тіркеліп, оның ішінде үшеуі сотқа жолданып, үшеуі – қылмыстық құқық бұзу құрамының жоқтығынан тоқтатылды, ал жеті іс сотқа дейінгі тергеу сатысында жатыр. Аталмыш қылмыстың қоғамдық қаупі оны мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның жасауында болып отыр. Ол уәкілеттігін пайдаланып, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде шаралар қолдануға тиіс. Аталмыш тұлғаның осындай заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекеттік билік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделіне нұқсан келеді», - деп ақпарат берді Олег Савеленко.

Мысал ретінде Лихачева Е.И. ЖК, «Ұлан» ЖШС өтініштері келтірілді. Сөйтіп, бірінші жағдайда дәріханалар желісінде жұмыс жасайтын кәсіпкер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Л.Кусябгалиева жүзеге асырған көптеген заңсыз тексерістерге шағымданды.

Оның үстіне, шенеунік қолында заңды бұзудың дәлелді деректері жоқтығына қарамастан, кәсіпкердің компаниясы имиджіне нұқсан келтіру мақсатында, қаладағы фармацевтикалық ұйымдар арасына мазмұны Лихачева Е.И. ЖК абыройы мен іскерлік беделін қаралайтын хаттар таратқан.

ҰКП-ға сонымен бірге «Ұлан» ЖШС құрылыс компаниясы келіп жүгінген. Компания қызметіне Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі кедергі жасаған.

Фирма байқауда балабақша салуды жеңіп алғанмен, мемлекеттік орган басқа бір құрылыс компаниясымен шарт жасасады. Бұл, негізінде, заңсыз болып табылады, және де оны сот та растады. Ақырында сот шешімімен мемлекеттік орган екі ай өткен соң байқау жеңімпазы «Ұлан» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге шарт жасасуға мәжбүр болды.

«Кәсіпкерлік субъектісінің үстіміздегі жылдағы 9 ай бойында сотта ақтығын дәлелдеуіне тура келді. Бүгінде нысандағы жұмыстар басталған. Сонымен бірге, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары К. Сәндібековпен бірге өткен жұмыс жиналысы хаттамасының негізінде «Ұлан» ЖШС алдыңғы жеткізуші салып кеткен іргетасты бұзу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына «Стройметсервис-2007» ЖШС-н заңсыз түрде тартқан лауазымды тұлғалар кінәсінен нысан құрылысына бюджет екі есе шығындалды. Жергілікті атқару органдары әрекетінен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзумен, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірумен, құрылыс мерзімін әдейі созу және т.б. көрініс берген қылмыс құрамын көруге болады», - деп атады ҚР ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Оның айтуынша, биылғы жылдың қыркүйек айында сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген айып тағылған қалалық әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері үшін қамау мерзімін созуды бекіткен.

ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Азат Перуашевтың пікірінше, «бұл жерде мәселе не құқық қолдануда не нормалардың өзін орнатуда».

«Еліміздің Президенті жақында Кәсіпкерлік кодекске қол қойды, онда көптеген жағымды нормалар бар. Мәселен, кәсіпкерлердің есептілігі сот керісінше жағдайды дәлелдемейінше жарамды болып табылатыны жайлы норма. Кәсіпкерлік кодекстің бірінші бабында айтылғандай, егер қандай да бір заңнама нормалары КК нормаларына қайшы келетін болса, онда Кәсіпкерлік кодекс нормасы әрекет етеді», - деп түсіндірді Азат Перуашев.

Осыған орай Кеңес басшысы ҰКП-ға кәсіпкерлер арасында Кәсіпкерлік кодекс нормаларын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және оларды белсенді түрде қолдануға ұсыныс берді. Сонымен бірге Кәсіпкерлік кодексте кәсіпкерлердің өзін-өзі қорғауы туралы норма бар екенін баса көрсетті, яғни кәсіпкерлердің жеке меншігін, кәсіпкерлік қызметін қорғау жөнінде әрекет жасауына құқығы күшейтілген.

Азат Перуашев сонымен қатар ШҚО және Қостанай облыстары Кәсіпкерлер палаталарына Кеңесте сөз болған кәсіпкерлер мәселелерін бақылауға алуды және Кеңеске қылмыстық іс жүргізу жайлы және қолданылған шаралар жайлы ақпарат беріп отыруды ұсынды.

«Барлық Өңірлік палаталардың кәсіпкерлер құқығын түсіндіру, мұндай жағдайларға дұрыс баға беру және Кәсіпкерлік кодексі нормаларын түсіндіру жұмыстарын белсендіруі қажет», - деп қорытты Азат Перуашев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер