astana-view

Ақпарат артық болмайды

2015 жылғы 02 Желтоқсан
10652 просмотров

ДСҰ жағдайында отандық тасымалдаушылар қалай жұмыс жасауға тиіс?

Жақында Ұлттық палатада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, сондай-ақ барлық көлік түрлері бойынша тасымалдаушылардың негізгі өкілдері қатысуымен өткен ДСҰ жөніндегі кезекті отырыс дәл осы тақырыпқа арналды.

Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында Қазақстанның тарифтік міндеттемелеріне әкімшілік ету мәселелері бойынша болған «Атамекен» ҰКП алаңындағы алғашқы кездесу емес.

Бұрын ҚР Мемлекеттік табыс комитеті және Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының қатысуымен өткен дөңгелек үстелдерде Алулар тізбесіне сәйкес Қазақстанның тарифтік міндеттемелеріне әкімшілік ету тетіктері таныстырылған болатын. Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдар және «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстаннан ЕАЭО басқа елдеріне тауар апару кезінде түйткіл туындаған жағдайда бизнеске бірлесе отырып көмек көрсетуге келіскен еді.  Сонымен бірге ЕАЭО аясындағы қазақстандық кәсіпкерлердің қызметін жеңілдету мақсатында тауарларды апарумен айналысатын тасымалдаушыларға жүргізілетін жұмыстың барлық тұстарын түсіндіру аса маңызды.

Бұл жолғы кездесуді өткізуге ЕАЭО БКТ-дан Алулар тізбесіне түскен тауарларды ЕАЭО басқа елдеріне апару кезінде жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылардың әрекеттестік тетігін талқылау себеп болды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу және тауар айналымының кейбір мәселелері туралы» осы жылдың 16 қазанындағы Хаттамасымен тасымалдаушылардың Алушылар тізбесіндегі тауарларды алып жүру кезіндегі талаптарды сақтауы бойынша міндеттеме және ЕАЭО мүше мемлекеттері заңнамасына сәйкес Хаттама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік бекітілгені белгілі.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова атап өткендей, Ұлттық палата бұл бағытта тұрақты негізде жұмыс жүргізіп тұрады. Сонымен, Еуразиялық экономикалық комиссияға ҚР ҰКП атына Хаттамада белгіленген талаптарды орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін ЕАЭО мүше мемлекеттері қолдануы мүмкін шаралар туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау жолданған.

Сонымен бірге ҰКП Еуразиялық экономикалық комиссиядан ЕАЭО мүше мемлекеттердегі өзара саудада тауарларды есепке алудың ұлттық жүйесінің функциялану тетігі туралы ақпарат беруді де сұрады (Қазақстаннан апарылатын тауарларды тексеретін мемлекеттік органдарды және тексеріс жүргізу шарттарын анықтау).

«Атамекен» ҚР ҰКП жүргізетін түсіндіру жұмысының жеделдігі, сәйкесінше ЕАЭО елдеріне Тізбедегі тауарларды апару кезінде қазақстандық кәсіпкерлер үшін тәуекелдердің барынша төмендетілуі Одақ бойынша серіктестерімізден қажет ақпарат алу мерзіміне тәуелді екенін түсіну керек.

«Атамекен» ҚР ҰКП қазірде «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» Хаттамада бекітілген жағдайларда Алулар тізбесіндегі тауарларды ЕАЭО аумағында айналымға түсіру жөніндегі мәселені пысықтап жатыр.

Сонымен, ҚР аумағында өндірілген, бірақ Алулар тізбесінде жазылған тауарлар үшін, сонымен қатар Одаққа мүше басқа мемлекеттер аумағына әкелінген, бірақ Қазақстан аумағы арқылы өткізілетін тауарлар үшін, олардың ЕАЭО аясында айналу шарттарын анықтайтын жеке құжат көзделуі қажет.

Дана Жүнісованың айтуынша, сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттер уәкілетті органдары арасында кедендік және салық ісі саласында ақпараттық жүйелер біріктірілгенге дейін бастапқы кезеңде Алулар тізбесіне түскен тауарларды апару шарты электронды шот-фактураның қағаздағы көшірмесі мен тауарларды әкелуге кедендік декларация көшірмесі болып табылады деген келісуге қол жеткізілген. Аталмыш құжаттар ҚР Қаржы министрлігі аумақтық мемлекеттік табыс департаменттері мөрімен расталған жағдайда ғана жарамды болады.

Тасымалдаушылар өз кезегінде сонымен қатар Алулар тізбесіндегі тауарларды экспорттау кезіндегі жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы әрекеттестігін заң жүзінде бекіту керек деп есептейді.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері хабарлағандай, қазірде алынатын тауарларға әкімшілік ету жөнінде ҚР қабылдаған міндеттемелерге сәйкес өзгерту енгізілуін талап ететін нормативтік-құқықтық актілерді анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.   

Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар Алулар тізбесіндегі тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына апару жөнінен тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілер қызметінің негізгі шарттарын анықтайтын жеке құжатты дайындауды қарау мүмкіндігі туралы (мысалы, министр Бұйырығы) бір ойға келді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі аясындағы қызметтің негізгі шарттарын соңғы рет нақтылау, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың барлығының әрекеттестігін құқықтық реттемелеу жағынан жұмыс бағытын анықтау мақсатында желтоқсанның бірінші он күндігінде қатысты мемлекеттік органдардың, ҚР бизнес-қоғамының қатысуымен баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер