astana-view

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының РФ Федералдық кеден қызметіне ресми жүгінуі

2015 жылғы 04 Желтоқсан
10869 просмотров

Қазақстандық автотасымалдаушылардың Ресей-Грузия шекарасында тұрғанына он күн болды

Палата Қазақстан Республикасы заңнамасымен қазақстандық бизнес мүддесін танытуға және қорғауға уәкілеттік алған ұйым ретінде Ресейдің Федералдық кеден қызметіне Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы ресейлік учаскеде орын алған сыни жағдайды шешуде жәрдем көрсетуді сұрап жүгінеді.

Қазақстан Республикасы «ҚазАТО» Халықаралық автомобиль тасымалдаулар одағы берген ақпарат бойынша, 25 қарашадан бастап Верхний Ларс (шекараның ресейлік-грузиндік телімі), Троебортное және Крупец (шекараның ресейлік-украиндық телімдері) кеден бекеттерінде Түркиядан Ресей аумағы арқылы Қазақстанға транзитпен келе жатқан қазақстандық автокөлік құралдарының өтуіне шектеу қойылған.

2 желтоқсанға дейінгі ахуалы бойынша, аталмыш кеден бекеттерінде 74 автокөлік құралы жиналып қалған.

Қазақстанның уәкілетті органдары мүмкін болар шаралардың бәрін қолданды және отандық автокөлік құралдары үшін баламалы жүру бағыттарын да пысықтады. Осының салдарынан тасымалдаушылардың бір бөлігі Ресей Федерациясын айналып өтіп, өз жолдарын өзгертті.

ҚазАТО берген ақпарат бойынша, қазір шамамен 35 машина он күннен бері аталмыш кеден бекеттеріне жақын жатқан бейтарап аумақта баламалы жолмен кері қайтуға жол тарту мүмкіндігінсіз күтіп тұр.

Қазақстандық жүргізушілер аса қиын жағдайда қалды: жағымсыз ауа райы, қарапайым тұрмыстық жайлылықтың әрі өмірді қамтамасыз ететін қаржы қаражаты болмай отыр.

Ресей Федералдық кеден қызметі тарапынан алдын-ала ақпараттың болмауы салдарынан қазақстандық тасымалдаушылар мұндай жағдайға дайын болмаған. Осының нәтижесінде нақты қимыл жасай алмайды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес мүше мемлекеттердің бір жақты тәртіпте уақытша экономикалық шаралар енгізуіне тыйым салынбайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП сонымен қатар мүше мемлекеттердің кез-келген шешімдері серіктестер құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс деп пайымдайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП баса көрсеткендей, аталмыш шаралар, «Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ресей азаматтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар қолдану туралы» Ресей Федерациясы Президентінің №583 Жарлығына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі, ал кәсіпкерлік қызметті шектеу бүгінгі күннің өзінде интеграция мен өзара тиімді қатынастар ауанына сәйкес келмей отыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП жоғарыда баяндалғанға орай Ресей Федералдық кеден қызметін қалыптасқан жағдайды Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасына келе жатқан қазақстандық жүктердің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасы арқылы транзиттік өтуін қамтамасыз ету жолымен шешуге үндейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер