astana-view

Қазақстанның Құс өсірушілер одағы – Жұмыртқа бағасының кенет көтерілуіне делдалдар кінәлі

2015 жылғы 05 Желтоқсан
11554 просмотров

Ұйым басшысы Руслан Шәріповтың айтуынша, алыпсатарлар мен сауда желілері бағаны 100%-дан артық үстемелейді 

«БАҚ-та жұмыртқа бағасының кенет көтеріліп кеткені жайлы ақпарат шықты. Бағаны көтеріп отырған біз емес. Фабрикалар қазір 17-18 теңгеден (бір данасын) сатады, ал делдалдар мен супермаркеттер бағаны 100%-дан артық көтеріп отыр. Олар ештеңесін салмаса да, бар пайданы көреді», - деп мәлімдеді Руслан Шәріпов palata.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еліміздің бас құс өсірушісі делдалдардың бағаны қаншалықты көтере алатынына шек қою керек, мысалы, 15-20% көлемінде деп атады.

Ал монополияға қарсы органдар құс фабрикаларында жаппай тергеу жүргізіп, оларға, бағаны келісіп қойып отыр деп, айыппұл салуда. «Монополияға қарсы органның фабрикаға келе салуы, фермерлік шаруашылыққа баруы не тексере салуы, айыппұл салуы оңай ғой. Делдалдар мен супермаркеттерге ешкім де тиіспейді», - деді Одақ басшысы.

Құс фабрикалары мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен отырыс барысында Руслан Шәріпов ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың немесе бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді сұрады, себебі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті деңгейінде аталмыш мәселе шешімін таппай отыр.

Құс бизнесінің өкілдері бір ауыздан тергеуді доғаруды талап етіп, керісінше жағдайда саланың жұмысын тоқтататынын атады.

«Өте күрделі мәселе. Егер бүгін нақты шара қабылдамасақ, салдары ушығып кетеді. Жергілікті жерлерде не болып жатқанын елестете де алмайсыз. Барлық облыстарда бір уақытта тергеулер жүргізу – бұл дұрыс емес. Нақты бұзуларды тергеңіздер. Тергеулерді тоқтатуды сұраймыз. Бұл біздің жан айқайымыз», - деп мәлімдеді «Шымкент құс» өкілі Майра Шертаева.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Ахметов тергеуді тоқтату жайлы сөз қозғауға да болмайтынын айтты. «Қандай да бір тергеулер бойынша шағымдарға келер болсақ, яғни белгіленген процедура, шешім шығарғанға дейін бізге жүгіне аласыздар. Шешім шығарылғаннан кейін шағым орталық деңгейге барып түседі де, негіздемесі болатын болса, қайта қараймыз», - деді ол. 

«Кез-келген баға көтерілуінің монополияға қарсы заңнамаға сәйкестік тұрғысынан қаралатынын түсінуге тиіспіз», - деп қорытты Рустам Ахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер