astana-view

Бизнес пен билік арасындағы байланыстырушы тізбек

2015 жылғы 08 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
13216 просмотров

Кәсіпкерлер билікке барлық түйткілді мәселелерін жедел түрде жеткізе алады

«Қазіргі жұмыс жағдайларында қоғамымызда тауарлар мен қызметтерді өндіруші барлық түйткілдерін өзі шешуге тиіс екенін бәріміз де білеміз. Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы толғақты қажеттілік, уақыт талабы болды деп ойлаймын. Кез-келген бизнесмен, кәсіпкер кез-келген мәселемен бара алатын орган пайда болды», - деді «Құрылыс» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Жібек Аралова Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының қорытындысына түсінік бере отырып.

Оның сөзінше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алғашқы күндерден бастап бизнесмендер мен кәсіпкерлер және атқарушы болсын, заң шығарушы болсын, биліктің барлық органдары арасындағы шынайы байланыстырушы тізбекке айналды.

«Бизнесмендер мен кәсіпкерлер билікке мәселелерінің нюанстарын жедел түрде жеткізе алады. Аталмыш мәселелер шынымен де шешімін табады немесе оларды шешу жолдары іздестіріледі. Құрылыс қызметтерін көрсету саласындағы орта бизнес өкілі ретінде өз мысалымда айтар болсам –ШҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысы Игорь Шацкийді де, барлық қызметкерлерді де таңғы сегізден кешкі сегізге дейінгі аралықта барсам, жұмыс орнынан кездестіре аламын. Кәсіпкерлер палатасы қызмет еткен осы екі жыл ішінде өз басым ұйымымның атынан ауызша да, жазбаша да тәртіпте шамамен елу рет жүгіндім. Кейде түйткілді шешу жолын анықтау үшін, құзырлы консультация алу үшін телефонмен тілдесу де жетіп жатады, алайда көбіне жазбаша түрде де жүгінуге тура келіп жатады», - дейді Жібек Аралова.

Кәсіпкер айтып өткендей, биылғы жылдың қазан айында прокуратура органдарының мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде заңды сақтау процедураларын қарауына түрлі тәсілдер қолданылуы төңірегіндегі мәселемен жүгінеді. Бұл облыс прокурорының қатысуымен өткен қоғамдық кеңес қарауына шығарылып, онда зерттеу және жалпылау тапсырылды, және де ең бастысы аудандық прокуратура тарапынан апелляциялық шағым түсерінен қауіптенбей жұмыс жүргізуді жалғастыруға рұқсат етілді. Яғни мәселе одан арғы әуре-сарсаңсыз, уақыт жұмсамастан, жылдам ешілді.

«Жалпы Кәсіпкерлер палатасы маған жеңіп шыққан алты сот процесін заңдық сүйемелдеуде білікті көмек көрсетілді, облыс прокуратурасына құқықтарымыздың бұзылуы жөнінен 8 өтініш ұсынылып, олар тиісті түрде қаралды. Қаржы қаражатын уақытында бөлуге, мемлекеттік тапсырыстар бойынша бірнеше мәрте көмек көрсетілді. Сонымен қатар әділет органдарына, Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау, ШҚ БЭК-ке негіздемесіз талаптармен техникалық шешімдер беру мерзімін созу дерегі бойынша жүгіну орын алды. Себебі көбіне орта буындағы қандай да бір шенеунікке кіру үшін  бұл туралы Кәсіпкерлер палатасынан сұрауға тура кеп жатады», - деп атады бизнесвумен.

Ол сонымен қатар көптеген жүйелік мәселелерді шешу үшін Кәсіпкерлер палатасының барлық республикалық комитеттерге, министрліктер мен мемлекеттік органдарға, оларды шешу жолдары мен терең талдауларды тіркей отырып, белсенді түрде өтініш жасап тұратынын атады. Мысалы, ресурстық сметаға жұмыс жасау үшін техника, жабдық санының тым артық қосылуы, құрылыстағы баға белгіленуі, мемлекеттік сатып алулар туралы заңды жақсарту және басқа да мәселелер қарау сатысында жатыр.

«Құрылыс» ДШС бас директорының міндетін атқарушы Жібек Аралова сонымен қатар Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу қағидаларына байқауға қатысушылардың қате мәлімет бергені үшін жауапкершілік қаралуы жөнінен өзгерту енгізу жайлы ұсыныс енгізді.

«Тәжірибеде қайдағы бір ұсақ бұзу үшін байқауға қатысушылар жосықсыз қатысушылар тізіміне кіргізілуінен қауіптеніп, айлап сот табалдырыған тоздыратын болып отыр. Алайда банк кепілдігі бар емес пе, байқау қатысуышысында таңдау болсын. Не әрбір қателік үшін банк кепілдігі сомасынан, мысалы, 10% айыппұл төлесін, не соттассын. Сонда тиімділік артып, сот жүктемесі азайып, Палата қызметкерлері, байқау қатысушылары, бастысы бюджет екі есе пайда көрер еді. Біріншіден, бюджет толығады, екіншіден, қызметкерлері сот істеріне жұмыс уақытын құртпайтын болады», - деп ойын білдірді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер