astana-view

Кәрім Мәсімов: «Атамекен» барлық мәселелерді ойластыра отырып, жұмыла шешеді»

2015 жылғы 09 Желтоқсан
9356 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының бүгін өткен отырысында өтіп бара жатқан жылдағы қызметтің нәтижелері айтылып, жаңа мақсаттар жарияланды

Отырысқа Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты. Өтіп бара жатқан 2015 жылғы экономикалық жағдайға баға бере отырып, Кәрім Мәсімов «Қазақстанда өндірілетін шикізат бағасы өзгеріп отырғандықтан, оңай жыл болмағанын» атады.  

«Сіздермен бірге 2016 жылдан табыспен өту үшін не істейтінімізді, қандай қадамдар жасайтынымызды анықтап, нақты әрекет жоспарын пысықтап алуымыз қажет», - деді Үкімет басшысы. Ол «ақша-кредит саясаты мәселелерінің әрбір кездесуде көтеріліп отырғанын, қазір қалай да тепе-тең жайғасымға шыққанымызды» атады.

Кәрім Мәсімов болашаққа қойылар міндеттер жайлы айта келіп, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатын қолданудың алдағы талқылануын атады. Аталмыш мәселенің алдыңғы күні Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында жарияланғанын еске саламыз. «БЖЗҚ ақшасы – бұл сіз бен біздің, мемлекеттің ақшасы емес. Бұл зейнетақы салымшыларының ақшасы. Әрі, бірінші кезекте, БЖЗҚ қаражатын, салымшыларымыздың қаражатын қалай қорғап, көбейтерімізді ойлауға тиіспіз», - деп баса көрсетті Үкімет басшысы. Ол БЖЗҚ қаражаты туралы мәселенің Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жақында өтетін отырысында талқыланатынын айтты. «Сіздердің көзқарастарыңызды ескеруіміз үшін, «Атамекеннен», Қаржыгерлер қауымдастығынан қандай да бір шоғырланған ұстаным күтеміз», - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-Министр заманауи нақты экономикалық ахуалды сөз ете отырып, «жаңа нақты ахуалға бет алғанымызды» айтты.

«Ол айтарлықтай ұзақ, әрі осы жаңа ахуалда өмір сүруге үйренуіміз керек», - деп баса көрсетті Кәрім Мәсімов. Сонымен бірге отандық бизнес экономиканың шикізаттық емес секторларында жаңа тауашалардың ашылу мүмкіндігіне ғана сүйенбеуі керек. Үкімет сонымен қатар отандық бизнестің алдағы жекешелендірудің екінші толқынына белсене ат салысарына сеніп отыр. Жекешелендірілуге тиіс нысандардың ақтық тізімі үстіміздегі жылдың 22 желтоқсанында өтетін үкімет отырысында аталмақшы. «Қазақстандық ұлттық бизнестің жекешелендіруге белсене қатысқанын қалаймыз, себебі бұл күллі бизнесіміз бен кәсіпкерлігімізді дамытуға арналған бірегей сәт», - деп түйіндеді Премьер-Министр.

Кәрім Мәсімов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ролі мен беделін ерекше атады. «Осындай қиын кезеңде «Атамекеннің» барлық мәселелерге ойластыра отырып, жұмыла шешетіндігін атай отырып, алғыс айтқым келеді. Түйткілдердің болғанын, оларды үлкен шу шығара отырып шешуге болатынын түсінеміз, алайда сіздер оймен қимылдап, сындарлы шешімдер таба алдық», - деп баса көрсетті Үкімет басшысы.

«Келесі жылы да осылайша сындарлы әрекеттестікте боларымызға қатты сенемін», - деп түйді Премьер-Министр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер