astana-view

Тимур Құлыбаев: «Жылды сенімді түрде аяқтап отырмыз»

2015 жылғы 09 Желтоқсан
10457 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық инвесторлар мен кәсіпорындарды қолдауды жалғастырады және оларға екінші деңгейдегі банктердің кредит беруінің қайта жаңғыртылуына қол жеткізбекші

Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында осылай деп мәлімдеді. Отырыстың Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткенін атап өту керек.  

Бүгінгі кездесудегі басты тақырыптардың бірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ақша-кредит саясатының мәселелері болды. Тимур Құлыбаев бұл туралы айта келіп, «Атамекен» өкілдерінің өңірлерде бизнес-өндірістердегі инвестициялық қажеттіліктерге зерттеу жүргізгенін атады. Бұл банктердің айналымдық қаражаттарды толықтыруына, сонымен қатар жаңа жобаларға кредиттерді қайта жаңғыртуына қажет. Алынған ақпарат «Атамекен» әкімдіктер және Инвестиция және даму министрлігімен бірге даярлаған өңірлік даму карталары үшін негіз болды. «Егер жоғарғы деңгеймен Үкімет, жұмыс органы Инвестициялар және даму министрлігі болып табылатын комиссия айналысатын болса, өңірлік деңгейде бұл мәселемен «Атамекеннің» әкімдіктермен бірге айналысуы ұсынылуда», - деп атады Тимур Құлыбаев. Ол сонымен бірге «бұл жұмыс 2015 жылы жүргізілді, жобалар топтамасы бар» екенін атады. Ендігі жерде Өңірлік картаға енгізілген, инвестициялық қызметті және халықтың  жұмысбастылығын қолдауды жоспарлаушы кәсіпорындардың кредит ала алғаны маңызды. Осыған байланысты «Атамекен» басшылығы Үкіметтің көмегіне сүйенеді. «Кәрім Қажымқанұлы, Ұлттық банкпен бірге жұмысшы деңгейде осындай талқылау жүргізіліп, теңгелік өтімділікті толықтыру жөніндегі тетіктердің жасалуын сұраймын. Сонымен бірге теңгелік өтімділік тұтынушылық кредиттеуге, айырбастау орындарына кетіп қалмауы үшін, оның жұмыспен қамту және кеңейтілген ұдайы өндіріс міндеттерін орындауы үшін, экономиканың нақты секторына баруы керек», - деп баса көрсетті Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы ҰКП орталық аппаратының жұмысына баға бере отырып, «жұмыстың айтарлықтай толыққанды әрі белсенді түрде жүргізіліп жатқанын» баса көрсетті. «Атамекен» өкілдерінің беріле жұмыс жасауы және жігерлілігі 2016 жылы да бизнестің заңды мүдделерін қорғау ісінде оң нәтижелер күтуге мүмкіндік береді. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «шынымен де, өңірлік, орталық билік пен бизнес арасындағы тамаша құрал әрі сұхбат алаңына айналғанын» атады.

«2015 жылды, бар қиындығына қарамастан, сеніммен аяқтап жатырмыз деп ойлаймын. 2016 жылы Мемлекет басшысының, Үкімет, жергілікті органдар тарапынан болатын аса зор қолдауды ескере отырғанда осы қалыпты сақтап қалатынымызға сенемін», - деді Тимур Құлыбаев.  

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер